Өңірлер

Орал тұрғыны мұғалім баласына қол көтергенін айтты

© SputnikМальчик переходит дорогу
Мальчик переходит дорогу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім беру мекемесі мәлімдегендей, шағым түскеннен кейін қызметтік тексеріс жүргізілген. Бала басқа сыныпқа ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны төртінші сыныпта оқитын ұлын сабақ кезінде мұғалім ұрғанын мәлімдеді. Мектеп қызметтік тексеріс жүргізіп, оқиғаға түсініктеме берді.

Әйелдің айтуынша, педагог ұлын тақтаға шығарып, мысалды шеше алмағаны үшін желкесінен екі рет ұрған. Әйел бұл баланың сыныптастарының көз алдында болғанына сенімді.

"Келесі сабақ бойы ұлым жылаған, бірақ маған ештеңе айтпады. Құлап кетсе немесе бір жерін ұрып алса, дереу мұрнынан қан кетуші еді. Бірнеше күннен бері түнімен қан ағып жатыр. Алғашында бұған мән бермедім. Ал дүйсенбіде ұлым мектепке барудан мүлде бас тартты. Келесі күні баруға көндірдім, содан кейін бұл оқиғаны білдім", - деп хабарлады Маргарита Ситникова "Мой город" өңірлік басылымына.

№25 орта мектептің директоры Бәтима Асқарованың айтуынша, оқушының анасының өтініші бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, қол көтеру фактісі расталмаған.  

Оқи отырыңыз: Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды 

"Маргарита Ситникова оқиға 25 қыркүйекте болды дейді, алайда бүгін ғана ауруханаға барған. Баланың мұрнынан қан кеткен, тамырлар әлсіреген кезде ондай жағдай болып тұрады. Жанжал осы жылы олардың сынып жетекшісінің ауысуымен байланысты. Мұғалімнің айтуынша, бала өте белсенді, оған бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ қол көтермеген, оқушылар да бұл фактіні жоққа шығарды", - дейді Бәтима Асқарова.

Оның айтуынша, тексеріс нәтижесі бойынша баланы параллель сыныпқа ауыстыру туралы шешім қабылданған.  

Жаңалықтар
0