Өңірлер

Трансгендерді зорлаған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері бес жарым жылға сотталды

© Sputnik / Ольга ТонконогСуд вынес приговор по делу о насилии и пытках в отношении трансгендера Виктории Беркходжаевой
Суд вынес приговор по делу о насилии и пытках в отношении трансгендера Виктории Беркходжаевой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері 5 жыл 6 айға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді

АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Іле аудандық соты Алматы облысындағы "Жауғашты" колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Берікқожаеваға қатысты зорлық-зомбылық пен азаптау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

"Сот азамат С.А.-ны Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 121-бабының 2-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп таныды. Ол 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - деді судья Еркен Сейітов.

Сонымен қатар сотталушыға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге және үш жылға белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ, оны ұлттық қауіпсіздік майоры әскери атағынан айырды.

© Sputnik / Ольга ТонконогСудья Еркен Сейітов үкімді оқыды
Трансгендерді зорлаған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері бес жарым жылға сотталды - Sputnik Қазақстан
Судья Еркен Сейітов үкімді оқыды

Сот шартты түрде немесе неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға негіз жоқ деп таныды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Жаза мерзімі 2019 жылдың 3 қазанынан бастап есептеледі.

Прокурор сотталушыға 10 жыл беруді сұрады

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, Алматы облысының "Жауғашты" колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Берікқожаева өткен жылдың 19, 20 және 24 шілдесінде зорланған.

Іле аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүргізді. Сотталушы С. А. – Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бұрынғы қызметкері.

© Sputnik / Ольга ТонконогСот трансгендер Виктория Берікқожаеваға қатысты зорлық-зомбылық пен азаптау ісі бойынша үкім шығарды
Трансгендерді зорлаған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері бес жарым жылға сотталды - Sputnik Қазақстан
Сот трансгендер Виктория Берікқожаеваға қатысты зорлық-зомбылық пен азаптау ісі бойынша үкім шығарды

Омарованың айтуынша, Викторияны зорлаған ер адам түзеу мекемесіне терроризм мен экстремизмге байланысты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан тұтқындармен жұмыс істеу үшін үнемі келіп отырған. Ол өзін психолог ретінде таныстырып, қыздарды шақырып алатын болған. Зорлау фактісін биоматериалдың іздері қалған қыздың футболкасы растайды, деді адвокат.

Қыркүйек соңында сот отырысында прокурор сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушы, ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері өзіне тағылған айыпты мойындамады және соттан өзін ақтауды сұрады.

Виктория Берікқожаеваның ісі

Виктория Берікқожаева (жынысы ауысқанға дейін – Кәрім Берікқожаев) 2016 жылдың 20 тамызында Алматы кафелерінің бірінде жәбірленушіден он мың доллар алған кезде ұсталды. Тергеу барысында қыздың басқа трансгендерден ақша сұрап, жәбірленушіні бопсалағаны анықталды. Оны басқаларға жынысын өзгерткені жайлы айтып беремін деп бопсалаған. Содан кейін жәбірленуші тарап полицияға жүгінген.

2017 жылдың наурызында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Виктория Берікқожаеваның мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол әйелдерге арналған колонияда жазасын өтеп жатыр.

Кейінірек, 2018 жылдың 17 маусымында медициналық-санитариялық бөлімде Берікқожаева мен тағы бір сотталушының арасында қақтығыс болған. Колония бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Викторияны изоляторға орналастыруға шешім қабылдаған.

Оқи отырыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды 

Айыптаушы тараптың айтуынша, бұған жауап ретінде Берікқожаева оның жейдесіндегі погонды жұлып алып, қолын тырнап алған.

Осыдан кейін бұрын бопсалау фактісімен жеті жылға сотталған Виктория Берікқожаеваға ЛА 155/4 мекемесінің қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды. Айып "қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкеріне қатысты өміріне немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану" қылмыстық бабы бойынша тағылды. Бұл құқық бұзушылық үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өткен жылдың басында Алматы облысының Іле аудандық соты алдын ала тыңдау барысында Виктория Берікқожаеваның конституциялық құқықтарының бұзылғанын, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу кодексі бұзылғанын мойындады.

Жаңалықтар
0