Шымкент, қала келбеті

Президент Шымкентке инвестиция тарту ісін жандандыруды тапсырды

48
226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілді, деп атап өтті Шымкент әкімі

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді 

Мемлекет басшысына қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндалды.

Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.

Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді көп қабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

48
Кілт сөздер:
инвестиция, Шымкент
Тақырып бойынша
Президент мемлекеттік қызметті пайдалану кезінде биометрияны енгізуді тапсырды
Қазақстанда бес жыл ішінде 3500 ауыл жаңғыртылады
Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, екі есе көп астық жиналды – Тоқаев
Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымын бекітті
Терезеге қарап отырған бүлдіршін қыз

Бағасы бір теңге: Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауыл мектебі саудаға шығарылды

178
(Жаңартылды 12:17 25.10.2020)
Соңғы жиырма жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 302 мектеп жабылып, білім ошақтарының саны 478-ге дейін азайды

НҰР-СҰЛТАН,  25 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылдың бос қалған мектеп ғимараттары аукцион арқылы саудаға шығарылды. Өйткені, ол жерлерде оқитын ешкім жоқ. Жергілікті тұрғындар қалаға көшіп, ауылда тек қарттар ғана қалған.

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы Үлгі ауылында қазіргі кезде он сегіз адам ғана тұрады, деп хабарлайды жергілікті Петропавловск.news порталы.

Он жыл бұрын бұл жердегі тұрғындар саны 235 болса, тұрмыс тәуір жылдары мұндағы халық саны 400 адамнан асқан екен.

Сапалы салынған мектеп ғимараты көптеген жылдар бойы бос тұрған. Енді ол сатылымға қойылды. Бағалаушылар ең қарапайым стандарттар бойынша есептегенде ғимарат құны кем дегенде 3,7 миллион теңгені құрайды деп санайды.

Солай десек те, оны сатып алушы болмай тұр: тұрғындары қалмаған ауылда бұл ғимарат ешкімге қажет емес. Сарапшылар аукцион шарты бойынша сауда-саттық тым төмендеген жағдайда, мектепті бір теңгеге сатып алуға болады дейді. Бірақ соның өзінде оны сатып алуға ешкім құлықты емес.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл ауданының Рождественка ауылында да кездеседі. Мұнда ауданы 1 264 шаршы метр болатын екі қабатты үлкен мектеп сатылымға шығарылуда. Оның сметалық құны – 9,4 миллион теңге, ал ең төмені – бір теңге. Ал бұл қазір он үш адам ғана тұрады. Өткен жылы ауылда 44 тұрғын болған. 20 жыл бұрын мұнда 372 адам өмір сүрген.

Мұндай тізімді Ақбалық ауылындағы 1980 жылы салынған екі қабатты мектеппен жалғастыруға болады. Аумағы 562 шаршы метрді құрайтын оқу орнының бастапқы бағасы – 1,7 миллион теңге. Айта кетерлігі сол, Ақбалық ауылы қазір жоқ. Ол 2018 жылы жойылған. Ал  жиырма жыл бұрын мұнда 260 адам тұрған.

Сатылатын мектеп ғимараттары санатында Есіл ауданының Новоузенка ауылында аумағы 3 327 шаршы метр болатын үш қабатты бұрынғы білім ошағы да бар. Оның сметалық құны – 27,2 миллион теңгені құрайды. Мектеп 1983 жылы салынған, сол кезде Новоузенка ауылында 950 адам өмір сүрген. Қазір ауылда 30 тұрғын бар. Бұл жердегі басты проблеманың бірі – судың жетіспеушілігі. Тұрғындар сол үшін көрші ауылдарға көшкен.

Оқи отырыңыз: Одақ төрағасы ауыл мәселесімен айналысатын арнайы комитет құруды ұсынды

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта Солтүстік Қазақстан облысында мектептердің жалпы саны 127-ге азайды. Ал бастауыш және орта мектептердегі оқушылардың жалпы саны сегіз мың адамға төмендеген.

Жалпы алғанда, соңғы 20 жылда Солтүстік Қазақстан облысында 302 мектеп жабылды (478 қалды). Ал оқушылар саны 135,2 мыңнан 78 мыңға дейін азайды.

178
Кілт сөздер:
аукцион, Солтүстік Қазақстан облысы, мектеп
Тақырып бойынша
Табысы 35 мың теңге: депутат кедейлердің көпшілігі ауылда тұрып жатқанын айтты
Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды
Қазақстанда халықаралық әуежай банкрот деп танылады
Солтүстікке қоныс аударатындарға берілетін жәрдемақы екі есе артады
Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы
Қорғаныш киіміндегі адамдар

Қазақстанда бір қала мен екі өңірде карантин күшейтілді не өзгерді

1308
(Жаңартылды 12:28 25.10.2020)
Өңірлердің мемлекеттік бас санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулыларды жария етті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Ақмола және Қарағанды ​​облысында мемлекеттік бас санитар дәрігер бұйрықтары жарияланды.

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ақмола облысында түнде көшеде жүруге болмайды

Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.

Жаңа қаулыдағы бұл ерекшеліктер әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшыларға қатысты емес.

Ал қаулының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз.

Қарағанды ​​облысында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді 

Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің жаңа қаулысымен қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ, жалпы сыйымдылықтың 30%-тен артық мөлшерде адамдардың  шоғырлануына жол берілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы

Сонымен қатар, сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

1308
Кілт сөздер:
шектеу, қозғалысты шектеу, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанның облыстары мен қалаларында карантин күшейтілді: неге тыйым салынды
Алматыда екі күнде карантин талабын бұзған 65 нысан анықталды
Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады
Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады видео

0
(Жаңартылды 14:11 25.10.2020)
Хабиб пен Гэтжи кездесуіне Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы көрермен ретінде қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады. 

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.  

0
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, Хабиб Нұрмагомедов
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео
Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді – видео
Қазақстан бірнеше миллиондық істі жеңді
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео