Өңірлер

Алматы облысында бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойды

© Photo : ДЧС Алматинской областиАвтокөліктер Кеген асуында тұрып қалды
Автокөліктер Кеген асуында тұрып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеген асуында аяқ астынан жауған қар қысқы дөңгелекке ауысып үлгермеген жүргізушілерді әбігерге салды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Кенеттен жауған қалың қардың салдарынан Кеген асуында тұрып қалған адамдарға құтқарушылар көмек қолын созды. Олар төрт адамды жол бойынан ең жақын жердегі елді мекенге эвакуациялады.

Алматы облысының Кеген ауданында қар 6 қазан күні түстен кейін жауа бастады. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыстық маңызы бар Кеген-Ақсай автожолының 15-ші шақырымында бірнеше ондаған көліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы алғашқы хабарлама сейсенбі күні сағат 16:40 шамасында келді.

"Биіктігі 7-8 сантиметр қалың қар жазғы дөңгелегі бар көліктердің дөңеске қарай көтерілуіне кедергі келтіруде. Жалпы алғанда, 27 көлік асуда тұрып қалды, олардың алтауы – жүк көліктері", - деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Кеген ауылына төрт адамды  – ауруханаға бара жатқан ер адам мен екі баласы бар әйелді эвакуациялады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда алғашқы қар жауды – видео

"Қазақавтожол" ЖШС қызметкерлері жолды тазарту және оған инертті материалдарды шашу жұмыстарын жүргізді. Осыдан кейін тұрып қалған көліктер жүруін жалғастырды. Төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне ұзақ сапарға шығар алдында ауа райы мен дабылды ескерту хабарламаларын нақтылау қажет екенін ескертті. Қар жауу қаупі бар аймақтарда жазғы шиналарды қысқы дөңгелектерге ауыстыру қажет. Сонымен қатар, жүргізушілер өзімен бірге әрдайым күрек пен балта, жылы киім, сіріңке мен шам, азық-түлік пен жанармай қорын, қажетті құралдар мен сүйрейтін арқан,  зарядталған ұялы телефон алып жүргені жөн.

Жаңалықтар
0