Оқиға

Атырауда өзенге құлап кеткен баланы сол маңда серуендеп жүрген адам құтқарып қалды

CC0 / / Мальчик у водоема, иллюстративное фото
Мальчик у водоема, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жайыққа құлап кеткен бала жақын маңдағы қалалық №5 емханаға жеткізілген, жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Атырау тұрғыны Асанәлі Тасқалиев баланың абайсызда өзенге құлап кеткенін біліп, еш ойланбастан суға секіріп, баланы жағаға шығарды.

Оқыс оқиға қала шетінде, Жайық өзенінің жағасында болды, бұл кезде Асанәлі Тасқалиев немересімен серуендеп жүрген, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстан облысында шекарашы ана мен баланы құтқарды  

Ер адамның айтуынша, оған екі кішкентай бала жүгіріп келіп, досы абайсызда суға құлап кеткенін айтқан. Ер адам көмекке жүгіріп, баланы судан шығарып алған.

"Баланың тамыры соғып жатқанын байқап, бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірістім, ауыз қуысын тазаладым. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бала есін жиып, жылай бастады. Мен қатты қуанып, оны киімге орап алдым", - дейді қала тұрғыны.

Ер адам жедел жәрдем көлігін күтсе, уақыт жоғалтатынын түсініп, жол-жөнекей көлікпен баланы №5 емханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырған.

Басылымның хабарлауынша, зардап шеккен бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін хабарлады,  оған "мидың ісінуі" диагнозы қойылған.  

Жаңалықтар
0