Өңірлер

Шымкентте карантин шаралары ұзартылды - жаңа қаулы шықты

© Photo : Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсындыКоронавирусқа қарсы оқу-жаттығу, Шымкент
Коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу, Шымкент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мегаполисте карантиндік шектеу шаралары ұзартылып, базарлардың жұмыс уақыты қысқарғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. 

Қаулыға сәйкес, Шымкентте карантин және шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды.

Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауар сататын базарлар мен жәрмеңкелер 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бір адамға кем дегенде 4 шаршы метр аумақ жер болуы шарт, сыйымдылығының толу көрсеткіші 30 проценттен аспауы керек. Демалыс және мереке күндері жабық базарлар жұмысына тыйым салынды.

"Жәрмеңкелердің жұмысы кезінде санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталады. Дезинфекциялық тоннельдер мен санитайзерлер орнатылуы тиіс", - деп жазылған санитар дәрігердің қаулысында.

Сондай-ақ, жаңа құжатта балалар алаңы, батуттар мен фудкорт жұмысына салынған тыйым алып тасталды. Қаулы Шымкент қаласы тауарлар мен қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланған.

Бұған дейін мемлекет басшысы алдағы эпидемиологиялық жағдай санитарлық және профилактикалық шаралардың қаншалықты орындалғанына байланысты болатынын айтты.Ол реалистік және оптимистік сценарийлер бойынша биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз, солай істеуге міндеттіміз деген болатын.

Жаңалықтар
0