Өңірлер

Алматыда қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды

© PhotoДевушка за компьютером, удаленная работа, иллюстративное фото
Девушка за компьютером, удаленная работа, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкерлік нысандар мен тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайтын мониторингтік топтар жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Алматыда шектеу шараларын бақылайтын топтардың жұмысы күшейтіледі. Қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қоғамдық көлікте санитарлық сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ата-аналарға балалар алаңында жүрген балаларды бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.

"Вирустық аурулардың маусымдық өсуі кезінде барлық қала тұрғындары өздерін және жанындағы адамдарды қорғап, маска режиміне бей-жай қарамау керек. Одан бөлек, кәсіпорындарда адамдардың көп жиналуын азайту үшін ұжымның бір бөлігін алыстан және қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз", - делінген ресми хабарламада.

Бақылау шаралары қалай күшейтіледі 

Ресми мәліметке сәйкес, әкімдікте кәсіпкерлік нысандар мен тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайтын мониторингтік топтар жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті.

"Эпидемиялық жағдайды талдау соңғы күндері Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының артуына ықпал ететін бірқатар жағымсыз жайттарды көрсетіп отыр. Негізгі себептері – коронавирус инфекциясын шетелден халықаралық рейстер арқылы әкелу және қаланың ішінде санитарлық талаптардың сақталмауы", - дейді мамандар. 

Осыған байланысты мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Кеңесте нақты міндеттер де белгіленді. Олар: 

  1. кәсіпорындар, мекемелер, сонымен бірге, халыққа қызмет көрсететін ұйымдар үшін белгіленген санитарлық-эпидемиялық талаптардың орындалуына тексеру  ұйымдастыру;
  2. кәсіпорындар, сауда үйлері, базарлар, әуежай, вокзалдар, қоғамдық көліктер және қаладағы басқа да ұйымдардың, сондай-ақ, халық көп орналасқан аудандарда санитарлық-эпидемиялық нормалардың орындалуына тұрақты мониторингпен қамтамасыз ету;
  3. адамдар көп жиналуы мүмкін жерлерде шектеу шараларын ұстану және профилактикалық жұмыстарды жүгізуді жалғастыру, ауру жұқтыру көздерін, вирустың берілу тізбегін анықтау және шектеу, бақылау шараларын қабыдайтын уәкілетті құрылымдарға ақпарат беру.

Тексеріс нәтижесі қандай

Қазіргі кезде Алматыда 26 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олардың құрамында полиция департаменті, ТҚСҚБД аудандық басқармалары мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер тәртіп бұзу фактілерін анықтауға көмектесіп тұрады. 

Биыл 5 шілде мен 7 қазан аралығында мониторингтік топтар 9 мыңға жуық нысанды тексеріп шықты. Осы уақыттың ішінде жалпы сомасы 287 миллион теңгеге 3 836 әкімшілік хаттама рәсімделді. Осыған орай, Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындары мен қонақтарын маска режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң ұстануға, жеке гигиена шараларын сақтауға шақырады.

Әсіресе, балаларға, егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдарға барынша сақ болу қажет. 

Айта кетейік, карантиндік талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғаларға - 30 АЕК (83 340 теңге); шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 230 АЕК (638 940 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК (861 180 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК (4 444 800 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

 

Жаңалықтар
0