Ванна бөлмесінің архивтегі фотосы

Мамандар Ақтау тұрғындарына ыстық суды пайдаланбауға кеңес берді

352
Қалада құбырлар тазартылып, жылуға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты краннан лас су ағады

АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Ақтау тұрғындарына бір апта бойы ыстық суды пайдаланбауға кеңес берілді, деп жазды "Лада.кз" басылымы.  

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС өкілі Сәбит Желкушиновтың айтуынша, тұрғындар жылуға қосылу кезеңінде ыстық суды қолданбағаны жөн.  

"Судың түсі күңгірт, лас болады. Осы маусымда жұмыс істемеген немесе жөндеуге байланысты, басқа себептермен ажыратылған құбырлар арқылы су қаладан Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына жіберіледі. Ол жерде сүзгіден өткізіліп тазартылады. Осы кезеңде мүмкіндігінше ыстық суды пайдаланбау керек", - деп түсіндірді Желкушинов.

Ол қала ыстық суға бірден қосылса, су бір аптадан кейін тазартылатынын айтты. Егер жылуға кезең-кезеңімен қосылатын болса, мерзім ұлғаюы мүмкін.  

352
Кілт сөздер:
Ақтау, жылу беру маусымы
Тақырып бойынша
Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді
Алматыда 28 қыркүйектен бастап жылу беріледі
Коммуналдық қызмет үшін төленетін 30 мың теңгені қалай алу керек
Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді
Аэропорт

Орал әуежайының атауын өзгерту туралы ұсыныс түсті

55
(Жаңартылды 16:57 20.10.2021)
Әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. "Орал" Халықаралық әуежайы" ЖШС атауын  Мәншүк Мәметова атындағы әуежай деп өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды.

20 қазанда өткен сессияда тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскенін хабарлады.

"Олар әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс жолдады. Әуежайға кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын", - деп Ғаниеваның сөзін келтірді "Мой город" порталы.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мәншүк Мәметова туралы

Мәншүк Мәметова - Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қызы.

Ол Қызыл Армияда пулеметші болды. Мәншүк Мәметова соңғы шайқаста 70-тен астам қарсыластың көзін жойып, 1943 жылдың күзінде қаза тапты. Оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Оқи отырыңыз: 

55
Кілт сөздер:
әуежай, Орал
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды
Қызылордада жаңа әуежай салынбайтын болды
Шымкентте жаңа жыл қарсаңында жоғалған әуежай қызметкері табылды
Қостанай облысында әуежай пәтер бағасымен сатылғалы жатыр
кісен

Белбеумен буындырған: Шығыс Қазақстанда 13 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

342
(Жаңартылды 16:38 20.10.2021)
Күдікті сот санкциясы негізінде қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 13 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды.

2008 жылдың сәуірінде Аягөз – Қарағанды тасжолының маңынан 35 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол буындырылып өлтірілген.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аса ауыр қылмысты ашу бойынша бастапқы тергеу әрекеттері нәтиже бермеді, қылмыскер анықталмады.

"Соған қарамастан қылмыстық іс бойынша жұмыс тоқтамады. Биыл қазанда департамент қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Риддердің 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел жиналған дәлел мен айғақтарды көрсеткен кезде қылмыс жасағанын мойындады", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Қылмысқа сүйіктісін қызғану себеп болған. Бір отырыста күдікті жігітін сол әйелден қызғанған. Ол жәбірленушіні пальто белбеуімен буындырып өлтірді.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, күдікті сот санкциясы негізінде қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Кінәсін мойындаған жағдайда оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Оқи отырыңыз: 

342
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қылмыс, полиция
Тақырып бойынша
Қазақстан өлім жазасын алып тастайды: елде қылмыс көбейіп кетпей ме
Талғарда ауыр қылмыс жасалды: полиция екі қызды ұстады
Атырауда баласының күйеуінен екеніне күмәнданған мұғалім жантүршігерлік қылмыс жасады
"Не деген қатыгездік": Алмалы тұрғыны бүкіл ауылды дүр сілкіндірген қылмыс жасады
Мемлекет басшысы Ұлытау ауданындағы Жошы хан тарихи-мәдени кешенін аралап көрді

Президент Алтын ордаға байланысты халықаралық конференция өткізу туралы ұсыныс айтты

0
Президент Жошы хан кесенесі үнемі ғалымдардың назарында болып, ғылыми айналымға түсуі керек екеніне баса мән берді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін аралап көрді.

Президентке Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, жорық шатыры және қонақ үйден тұратын кешеннің заманауи технологиялық мүмкіндіктері мен қордағы құнды жәдігерлер таныстырылды.

Мемлекет басшысы қасиетті тарихи нысанның үнемі ғалымдардың назарында болып, ғылыми айналымға түсуі керек екеніне баса мән берді.

"Келесі жылы шетелдің және еліміздің белгілі ғалымдарын шақырып, Алтын Ордаға байланысты үлкен халықаралық конференция өткізу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің туристік әлеуеті туралы баяндама жасап, Президентке курорттық аймақтар мен тарихи-мәдени кешендерді дамыту жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес Ұлытау, Қарқаралы аудандарының, Балқаш қаласының туризм саласындағы әлеуеті артып, сервистік және туристік инфрақұрылымдары дамитын болады.

Оқи отырыңыз: 

 

0
Кілт сөздер:
президент, Қарағанды облысы