Бүлдіршін

Шығыс Қазақстанда жасырынбақ ойнаған қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды

181
(Жаңартылды 12:02 12.10.2020)
Қыз кір жуғыш машинаның ішіне жасырынған, алайда кейінірек одан өздігінен шыға алмай қалады. Баланы құтқарушылар келіп құтқарды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Белый Камень ауылында он жасар қыз кір жуғыш машинаның ішінде кептеліп қалды.

Оқиға туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, қыз жасырынбақ ойнап жүріп кір жуғыш машинаға тығылған. Бірақ кейін оның аяғы машинаның ішкі құрылғысына кептеліп қалғандықтан, одан өздігінен шыға алмай қалады.

Құтқарушылар баланы кір жуғыш машинаны ішінара бөлшектегеннен кейін ғана шығарып алды. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның ешқандай жарақат алмағанын, еш жері сынбағанын айтты.

Бұған дейін Шымкентте үш жасар сәбидің жартылай автоматты кір жуғыш машинаның ішінде кептеліп қалғаны хабарланған болатын.

181
Кілт сөздер:
құтқарушылар, қыз, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Мысық жарты сағат кір жуғыш машинада жуылса да, аман қалды
Қашықтан оқу

Ақтөбе облыстық білім басқармасының былығы ашылды

28
Ақтөбе облысының білім басқармасы 5 000 ноутбуктың әрбіреуін 250 000 теңгеге сатып алған. Алайда ол кезде оның нарықтық бағасы 149 000 теңге болған  

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасының жұмысын тексерген арнайы бақылау тобы оқушыларға арналған ноутбуктерді жоғары бағамен сатып алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, осыдан екі жыл бұрын облыстық білім басқармасы мен жекеменшік компания арасында компьютерлік техниканың 5 000 данасын жеткізу туралы келісімшарт рәсімделген. Сол кезде әрбір компьютердің бағасы 149 мың теңге болған.

"Алайда білім басқармасы әрбір компьютерді  250 мың теңгеден қабылдапты. Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болған. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетілмеген. Ал пандемия кезінде ондай қызметтің болғаны маңызды", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды 

Сонымен қатар, техникалық сипаттама бойынша барлық компьютерде үш жылдық сервистік қызмет көрсетуге кепілдік болған. Соған қарамастан, білім басқармасы қажет болған жағдайда техникаға қызмет көрсету үшін тағы бюджеттен ақша бөлген.   

28
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, білім күні
Тақырып бойынша
Әжетханаға камера орнатқан: Павлодар білім басқармасының басшысы өз әрекетін түсіндірді
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы, жолаушыларды тіркеу

Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты

59
COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың барлығы демалыс орындарынан келіп жатыр, деп атап өтті Жандарбек Бекшин

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шетелден коронавирус жұқтырып келгендердің көбісі Мысыр, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінде болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Инфекция жұқтырғандардың барлығы демалыс орындарынан келіп жатыр. Мысырдан келген 14 адамнан коронавирус табылды. Екінші орында Түркия тұр. Анталия, Ыстамбұл қаласынан келген сегіз адам ауру жұқтырған. Үшінші орында Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Бұл жақтан оралған 6 қазақстандықтан инфекция табылды", - деді Жандарбек Бекшин.

Айтуынша, барлығы инфекциялық стационарға оқшауланған. Олармен байланыста болғандар тексеріліп, медициналық бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз: Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты 

Айта кетейік, 26 қазанда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, шетелден дене қызуы көтеріліп келген жолаушылар стационарға жатқызылып, зертханалық тексерістен өтеді.

Сондай-ақ, коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестен өтпеген қазақстандықтар карантиндік стационарларға орналастырылады.

59
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Кинотеатрға екі қаланың тұрғындары ғана бара алады  
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді