Зертхана қызметкерлері

COVID-19 Павлодардағы кезекші сынып мұғалімінен анықталды

429
(Жаңартылды 14:58 12.10.2020)
Екі сыныптың оқушылары мен онымен тығыз байланыста болған әріптестері үй карантиніне ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Павлодар облысында бастауыш сынып мұғалімі коронавирус инфекциясын жұқтырды. 58 жастағы әйелде аурудың асимптоматикалық белгісі бар, деп хабарлайды жергілікті Pavlodarnews.kz сайты.

Ал Павлодар облысындағы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдеуінше, әйел амбулаториялық жағдайда, үйде ем қабылдап жатыр.

"Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты. Ол COVID-19 ауруымен ауырған анасымен байланыста болған", – делінген ақпаратта.

Екі сынып пен онымен тығыз байланыста болған әріптестер үй карантиніне ауыстырылды. Ал бастауыш сынып мұғалімі жұмыс істеген мектеп карантинге жабылмай, қызметін қалыпты жағдайда жалғастыра береді.

Оқи отырыңыз: Премьер-министр мектептерді дәстүрлі форматқа ауыстыру туралы айтты

Айта кетейік, бүгінге дейін облыста 12 оқушының коронавирус жұқтырған жағдайы тіркелді. Оның бесеуі Шарбақты ауданында, біреуі Ақсуда, қалғаны облыс орталығында.

Мобильді топтар олқылықтар анықталған 110 мектепке тексеру жүргізген.

429
Кілт сөздер:
мұғалім, білім беру, сыныптар
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (678)
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған кезекші сынып оқушыларының саны артты
Тағы бір облыста 8 бірдей мектепте коронавирус анықталды
Қазақстанда күзгі каникул қашан басталады
Қашықтан білім алып жатқан 73 оқушы коронавирус жұқтырды
Оқушылар екінші тоқсанда қалай оқиды – Алматы білім басқармасы жауап берді
Онлайн оқу

ШҚО-да барлық мектеп онлайн оқыту форматына ауыстырылды

873
(Жаңартылды 20:30 30.10.2020)
Аймақта эпидемиологиялық жағдай ушығып бара жатқанда бір науқас анықталса да, мектепті толығымен жабуға шешім қабылданған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында барлық мектеп онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыстың бас санитарлық дәрігері шығарған қаулы мен ведомствоаралық комиссияның бүгінгі шешімі бойынша барлық мектеп онлайн режимге ауыстырылды. ", - деді Тұңғышбаев арнайы онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, аймақта эпидемиологиялық жағдай ушығып бара жатқанда бір науқас анықталса да, мектепті толығымен жабуға шешім қабылданған болатын. Ондай жағдайлар болған. Қазіргі кезде барлығы онлайн форматқа көшірілді. 

Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия көшпелі отырыс өткізіп, Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын күшейтуге шешім қабылдады. Атап айтқанда, 2 қарашадан бастап Өскеменнен шығатын және кіретін әуе рейстері, сондай-ақ, пойыздардың саны қысқарады. Шығыс Қазақстан облысынан шығатын жолаушыларда міндетті түрде ПТР-тесттің анықтамасы және теріс нәтиже болуы қажет. Анықтаманың мерзімі – үш күн. 

Облыстың айналасында санитарлық бекеттер қойылып, кіруге және шығуға шектеу қойылады. Ал Өскемен қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынады. Басқа қалалар мен аудандар арасында қатынауға болады.

Сондай-ақ, облыста демалыс және мереке күндері шектеу шаралары күшейеді. Қызметкерлердің 80 проценті қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылуы шарт. Жиналыстарды өткізуге рұқсат жоқ. Вахтамен жұмыс істейтіндер міндетті түрде ПТР-тесттен өтеді. Теміржол вокзалдары мен әуежайларға күтіп алатын және шығарып салатын адамдарды кіргізуге болмайды.

 

873
Кілт сөздер:
оқушы, мектеп, облыс
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстанда қала жабылады – бас санитар дәрігердің шешімі шықты
Бас санитар дәрігер елдегі жағдай туралы ақпаратты бөлісті
Шығыс Қазақстанда қатаң шектеу шаралары енгізілді
Бес жыл ішінде Қазақстандағы мектеп кітапханалары қалай өзгереді
Медицина қызметкері

Бас санитар дәрігер елдегі жағдай туралы ақпаратты бөлісті

1318
(Жаңартылды 19:25 30.10.2020)
Бас санитарлық дәрігер блок бекеттерді орнату мәселесіне тоқталды. Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер орнатуға шешім қабылданған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі, республика бойынша ауру өршіп кеткен аймақтар жоқ. Дегенмен, "сары зонаға" кіретін облыстар бар. Ол – Солтүстік Қазақстан. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы енген болатын", - деді Қиясов арнайы онлайн брифингте.

Оның айтуынша, әзірше коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып кету қаупі жоқ. 

"Қолға алынған күшейтілген шаралар өз нәтижесін береді деп сенеміз. Негізі, шекаралас елдермен салыстырғанда бізде жалпы жағдай тұрақты", - деп атап көрсетті Қиясов.

Осы орайда бас санитарлық дәрігер блок бекеттерді орнату мәселесіне де тоқталды. Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер орнатуға шешім қабылданған болатын. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында санитарлық бекеттерді қою жоспарланып отыр.  

"Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алдын алу шарасы ретінде қолға алынып отыр. Бұл – жергілікті биліктің бастамасы. Себебі облыстың кейбір аудандарында аурудың өршіп кеткені байқалды. Мәселен, Ақтоғай ауданындағы "Алтын Алмаз" кәсіпорнында жұмысшылар арасында науқастар көбейген", - деді Қиясов.

Ол қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жақын арада республика бойынша блок бекеттер орнату жоспарда жоқ екенін айтты. Мұндай шара жағдай нашарлаған кезде ғана қолға алынады.

1318
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстанда қала жабылады – бас санитар дәрігердің шешімі шықты
Шығыс Қазақстанда қатаң шектеу шаралары енгізілді
Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін
Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды