Өңірлер

Петропавлда автомат ұстаған жастар полицейлердің назарын аударды

© Sputnik / Медиабанкке өтуАвтомат Калашникова
Автомат Калашникова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары автоматты бейнебақылау камералары арқылы байқап қалған, полиция жасағы жастар жиналған жерге келді

ПЕТРОПАВЛ, 12 қазан – Sputnik. Петропавлда ойыншық автомат ұстаған бір топ жас полицейлердің назарын аударды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавл орталығында жүрген жастар Жедел басқару орталығының қызметкерлерін ғана емес, жаяу жүргіншілерді де елеңдетті.

"Кешкі сағат 22 шамасында жас жігіт Қазақстанның Конституциясы көшесіндегі автотұрақта өзінің құрдастарына автомат сермеп тұрды. Видеодан оның нағыз автомат па, жоқ па, анықтау қиын, полицейлер адамдардың қауіпсіздігіне көз жеткізуі керек болды", - деп түсіндірді полиция.

Оқиға орнына келген Петропавл полиция басақрмасының қызметкерлері автоматтың ойыншық екенін анықтап, жасөспірімдермен профилактикалық әңіме жүргізіп, түнгі 11-ден кейін кәмелетке толмағандарға өз бетінше көшеде жүруге болмайтынын ескертті.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда қаруланған қылмыстық топ ұсталды 

Сондай-ақ полицейлер карантиндік шараларды сақтау қажеттігін де еске салды.

"Бейнебақылау камералары құқықтық тәртіпті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Біз күдік туғызатын кез келген фактілерді тексеруіміз керек", - деп атап өтті Петропавл полиция басқармасы ЖБО  бастығы, полиция подполковнигі Нұрлан Мұхамеджанов.  

Жаңалықтар
0