Өңірлер

Полицейлер Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан жігіттерді видеоға түсірді

© Photo : pixabay.comМужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото
Мужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының жедел қызметкерлеріне монша кешенінде притон жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат түсті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Талдықорғанда интимді қызмет көрсетуге жігіт тауып берумен айналысқан әйел ұсталды. Сондай-ақ полицейлер тәнін сатуды кәсіпке айналдырған жігіттерді ұстау процесін видеоға түсірді.

Қазақстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына монша кешенінде притон жұмыс істейтіні туралы ақпарат түскен.

"Департаментке облыс орталығындағы монша кешендерінің бірінде әкімші ақшаға интимдік қызмет көрсететін жігіттерді тауып беретіні туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында ақпарат расталып, криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады", - деп хабарлады ІІМ.

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция 30 әйелді ұстады

Ұстау фактісі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі істердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бап айыпталушының мүлкін тәркілеп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Әкімші өз клиенттеріне тікелей жігіттердің телефон нөмірін беріп отырғаны анықталды. Алдын ала сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа ақпарат жария етілмейді.  

Жаңалықтар
0