Арнайы операция, архив

ҰҚК Алматыда қылмыстық топ ұсталғанын хабарлады

2586
Ресми мәліметке сәйкес, жедел-іздестіру кезінде қала аумағында он бірдей мекемеде жасырын онлайн-казиноның ашылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Алматы қаласында жасырын электрондық казиноналарда заңсыз ойын бизнесін ашқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, жедел-іздестіру кезінде қала аумағында он бірдей мекемеде жасырын онлайн-казиноның ашылғаны анықталды. 

"2020 жылы 6 қазанда жедел-тергеу тобы бір ғана жасырын мекемеден 50 бірліктен астам ойын жабдығын тапты, қылмыстық әрекеттен түскен кірістің сомасы тәулігіне 20 миллион теңгеден асқан", - делінген ресми хабарламада. 

Қылмыстық топ құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу үшін 50 адамды қызмет көрсету персоналы ретінде жұмысқа тартқан. Қазіргі кезде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігі  ("заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұл бапта көрсетілген қылмыс үшін 5 000 АЕК-ке (1 АЕК - 2778 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Сондай-ақ, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сотталғандардың мүлкі тәркіленеді.

 

2586
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, Алматы, ҰҚК
Тақырып бойынша
ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады
ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді
ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
ҰҚК бірнеше қалада арнайы операция өткізді – видео
Трансгендерді зорлаған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері бес жарым жылға сотталды
Құбыр жарылысының маңы, архивтегі сурет

Өскеменде жойқын жарылыстан жұрттың зәресі ұшты

6
(Жаңартылды 09:36 22.10.2020)
Қаладағы шағынаудан мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 21 қазан күні түстен кейін жойқын жарылыстың дыбысы екі рет естіліп, тұрғындардың зәресі ұшты, деп хабарлайды YK-news.kz.

"Сағат 17.20 шамасында шыққан екінші жарылыс дыбысынан Қазақстан көшесінде тұрған көліктердің дабылқаққышы іске қосылып кетті. Ал КШТ шағынауданы мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтып жатыр", – делінген ақпаратта.

Жұртты үрейлендірген Өскемендегі жойқын жарылыстар 25-шағын ауданда жоспарланған жұмыстар болып шықты. Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымдар мен кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, жару жұмыстарын "Kaz Explo Servis" ЖШС ұйымдастырған.

Оқи отырыңыз: "Бір көзді баланы ертіп жүрдім": Семей өңірінің тұрғыны полигонның зардабы жайлы айтты

6
Кілт сөздер:
Өскемен, жарылыс
Тақырып бойынша
"Оттан қорықпайтын адам жоқ": өмірін адам құтқаруға арнаған әулетпен сұқбат
Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео 
Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды
Ресейде әскери қоймадағы жарылыстан екі адам жарақат алды
Алматыда көшенің қақ ортасында ыстық су бұрқырап атқылады - видео
Петропавл халықаралық әуежайы

Қазақстанда халықаралық әуежай банкрот деп танылады

33
(Жаңартылды 08:53 22.10.2020)
Қазіргі кезде Петропавл қаласындағы әуежайдан Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Петропавл қаласындағы халықаралық әуежайдың жұмысшылары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа бірнеше айдан бері айлықсыз отырғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды жергілікті "Петропавловск.News" сайты.

Ал әкімдік өкілдері жұмысшылардың қаражаты кезең-кезеңмен төленіп, әуежайдың өзі мемлекет меншігіне қайтарылатынын мәлімдеп отыр.

"Әуежай жақын арада банкроттық процедурадан өтіп, мемлекет меншігіне қабылданады. Бұл өзгеріс әуежайды сақтап қалумен қатар, рейстер санын көбейтуге көмектеседі", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында әуежайдың ұшу-қону жолағы толығымен жаңартылып, жолаушылар терминалы да күрделі жөндеуден өткен болатын. Қайта құрылымдаудан кейін терминал сағатына 200 жолаушыны қабылдай алады деп жоспарланған. Сондай-ақ, әкімдік Ресей мен Қытай және Еуроодақ елдерімен байланыс орнатып, шет мемлекеттермен жаңа әуе қатынастарын ашамыз деп уәде берген.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайы кімге сатылады – министр жауабы

Алайда, жоғарыда аталған жоспардың ешбірі де іске асқан жоқ. Қазіргі кезде Петропавлдан тек Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды.

33
Кілт сөздер:
Петропавл, банкрот, әуежай
Тақырып бойынша
Ақтау әуежайы ресейлік холдингке сатыла ма – ресми жауап
Нұр-Сұлтан әуежайы жаңа ереже жариялады - рейске кімдер кірмеуі мүмкін
Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты
Әуежай кодын NQZ-ке ауыстыру қанша тұрады
Bek Air ұшағының апаты: жолаушыларға көмектескен әуежай қызметкерлері марапатталды