Кісен, архивтегі сурет

Алматыда мәйітхана директоры қамауға алынды

103
(Жаңартылды 21:10 14.10.2020)
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа бюро тамыз айының соңында қолданысқа тапсырылатынын айтқан болатын

АЛМАТЫ, 14 қазан — Sputnik. Алматыда "Қалалық патологоанатомиялық бюро" директоры аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.

Мәйітхана басшысы жемқорлыққа қарсы қызмет пен Алматы прокуратурасының бірлескен жұмысы нәтижесінде ұсталды. 

Ол 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Салынып жатқан қалалық патологоанатомиялық бюроға медициналық құрал-жабдық алу туралы актіге қол қойған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа бюро тамыз айының соңында қолданысқа тапсырылатынын айтқан болатын. Оның мәліметіне сәйкес, 1 689 қызметкер кадрлық резервте тұр.

103
Кілт сөздер:
мәйітхана, Алматы
Тақырып бойынша
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Маңғыстауда өзгеше әдіспен пара алған шенеунік видеоға түсірілді
Жанып тұрған сіріңке, иллюстративті сурет

БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды

6
Он алты жастағы қыз өрт сөндірушілер келгенге дейін екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылында 16 жастағы қыз үш бауырын өртеніп жатқан үйден алып шықты. Балалардың анасы, 37 жастағы әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай 27 қазан сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды. Жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі үй өртенген.

"1983 жылғы үй қожайыны газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Алайда, әйел есін жимастан, ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін әйелдің 16 жастағы қызы екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған.

Тағы оқыңыз: Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды

Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Министрліктің ақпаратынша, тілсіз жау сағат 03.56-да оқшауланып, 04.29-да толық сөндірілді.

ТЖМ тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

6
Кілт сөздер:
қыз, өрт, Батыс Қазақстан облысы
Павлодар қаласының көрінісі

Қол алысуға болмайды: Павлодар облысында жаңа қаулы шықты

49
(Жаңартылды 12:36 27.10.2020)
Қаулыға сәйкес, мекемелер штатында 30 адамнан артық қызметкер болған жағдайда олардың 70 проценті қашықтан жұмыс істеуге жіберілуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары Зәмзәгүл Дошанова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатта санитарлық нормаларды сақтау шараларына басымдық берілген. Соның ішінде бетперде кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау бар. Тіпті, санитар дәрігерлер қол алысып амандаспауға кеңес беріп отыр.

"Объектілер мен қоғамдық көлікте, сондай-ақ жұмыс орындарында азаматтардың қол алысуын болдырмау, адамдар арасында екі метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау мен бетперделерді дұрыс кию қамтамасыз етілсін. Жеке гигиена, түшкіру мен жөтелу этикетін сақтау қажет", – делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғанда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Осы орайда облыстық бас санитар дәрігер орынбасары емханаға бармай, үйде медициналық көмекке шұғыл жүгінуге кеңес береді.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар, сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандар штатында 30 адамнан артық қызметкер болған жағдайда олардың 70 проценті қашықтан жұмыс істеуге жіберілуі керек.

ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына қарасты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен 1414 байланыс қызметінің жұмыс кестесі сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін, ал сенбі 14:00-ге дейін белгіленді. Мамандырылған ХҚКО да солай жұмыс істейді.

Жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондай-ақ, 500 шаршы метрден асатын сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істемейді.

Жабық үй-жайларда, сондай-ақ ашық орындарда ойын-сауық, спорттық және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық мекемелері де жұмыс істемейді. Олардың қатарында караоке, бильярд, компьютер клубтары, букмекер кеңселері, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кинотеатрлар мен тағы басқа адам көп жиналатын орындар бар.

50 адамға дейін шектеу қойылды

Ал кітапхана мен музей сияқты мәдениет нысандары жұмыс істейді. Бірақ ішінде жүргендердің саны 30 адамнан аспауы тиіс. Театрларда 50 адамға дейінгі шектеу қойылған. Діни нысандар да ашылады. Алайда ұжымдық шараларды өткізуге рұқсат жоқ.

Сауда орталықтары, сауда үйлері мен азық-түлік дүкендері түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істесе, азық-түлік тауарлары сатылатын жабық базарлар мен азық-түлік сатпайтын дүкендер кешкі сағат 18:00-де жабылады.

Мейрамханалар мен дәмханалар, ойын-сауық сауда орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей береді. Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, моншалар мен сауналар кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Оқи отырыңыз: Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз – Тоқаев

Облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілді. Бірақ бір мезгілде 30 адамнан артық жиналмау қажет. Спорт кешендері мен бассейіндер жұмыс істейді.

49
Кілт сөздер:
Павлодар, шектеу, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?
Қазақстанда карантин жеңілдетілді – қандай шектеу сақталады
Қандай жағдайда алматылық кәсіпорындар қызметіне шектеу қойылатыны белгілі болды