Өңірлер

Карантин күшейтіледі – облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

© REUTERS / THOMAS PETERМедики на блокпосте обрабатывают антисептиком пробирку с образцом для анализа на коронавирус
Медики на блокпосте обрабатывают антисептиком пробирку с образцом для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көп адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған. Ал демалыс және мереке күндері тамақты алып кету және жеткізу қызметі ғана ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру көрсеткішінің өсуіне байланысты шектеу шаралары күшейтіліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жұмыс уақыты шегеріледі 

Облыстың бас санитарлық дәрігері шығарған қаулысына сәйкес, 16 қазан сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтқанда, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік пен азық-түлік емес дүкендер, қоғамдық моншалар мен сауналар түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Бұған дейін қоғамдық тамақтану орындарына тек 50 адамды ғана кіргізуге рұқсат берілсе, енді отыратын адамдар санын 30-дан асыруға болмайды. Көп адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған. Ал демалыс және мереке күндері тамақты алып кету және жеткізу қызметі ғана ұсынылады.

Демалыста жабылады

Бас санитардың қаулысында демалыста және мереке күндері толығымен жабылатын нысандар да көрсетілген. Олар:

  • жабық киім-кешек базарлары; 
  • азық-түлік өнімдерін сатпайтын жабық базарлар;
  • спорт нысандары; 
  • фитнес орталықтар;
  • жаттығу залдары; 
  • бассейндер;
  • білім беру орталықтары; 
  • үйірмелер;
  • сауда-ойын сауық орталықтары;
  • сауда орталықтары.

Бұдан бөлек, демалыста қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. 

Қосымша шектеулер

Демалыста саябақтар, алаңдар мен жағажайларға шығуға болмайды. Сол жерде орналасқан тамақтану мен сауда орындары да жабылады. 

Мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандар қызметкерлердің 50 процентін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы тиіс. 

Бас санитар облыс тұрғындарын бір-біріне қонаққа бармауға, отбасылық шараларды өткізбеуге, қоғамдық жерлерде үш адамнан артық топтасып жүрмеуге, сондай-ақ, екі метрлік арақашықтықты сақтауға шақырды. Ал жерлеу рәсімдерін өткізгенде 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Басым бөлігі туған-туыстар болуы шарт. 

Ресми мәліметке сәйкес, 6 тамыз бен 14 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 560 адам тіркелді. Инфекцияның бір адамнан таралу қаупі, яғни, репродуктивті көрсеткіш 1,05-ні құрап отыр. Осыған байланысты шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.

 

Жаңалықтар
0