Коронавирус вакцинасы

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі

121
(Жаңартылды 21:37 16.10.2020)
Шығыс Қазақстан облысында 17 қазаннан, Қарағанды облысында 19 қазаннан бастап карантинді күшейту туралы қаулы шықты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Қарағанды облысында 19 қазаннан бастап карантин күшейтіледі, деп хабарлады өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Юрий Залыгин.

"19 қазан сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында санитарлық бекеттер қойылады", - деді Залыгин.

Мұндай шешімге көрші өңірлерде коронавирусқа шалдыққандар санының артуы себеп болған.

65 жастан асқан тұрғындарға мүмкіндігінше үйде отыру керек. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар жетекшілеріне қызметкерлердің 50 процентін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды (30-дан астам қызметкер болса).

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, автовокзалдар мен автостанцияларда смарт бейнебақылауы бар тепловизерлер болуы керек екенін айтылды.

Ал Шығыс Қазақстан облысында 17 қазан - 31 қазан аралығында карантин күшейтіледі. Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Гуляим Тағаева да қаулыға қол қойды.

Адам көп жиналатын, отбасылық шараларды өткізуге, аудандар мен облыс ішіндегі қалалар арасындағы автобустар қатынауына салынған тыйым сақталады.

121
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1651)
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қазақстандағы COVID-19: тағы бір облыста карантин күшейтілді
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Карантин күшейтіледі – облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты
Мешітке кіреберіс есік

Камерадан да қымсынбады: мешіт тонаған ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды

6
Полицейлердің мәлімдеуінше, 25 жастағы тұтқындалған жігіттің 40-тан астам ұрлыққа қатысы болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының полицейлері мешіттегі қайырымдылық жәшігін тал түсте тонаған сәті видеоға түсіп қалған жас жігітті ұстады.

Бұл туралы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы өзінің Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады. 

 
"Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше мешітте ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны қайырымдылық жәшіктерін бұзып, ішіндегі барлық ақшаны алып кеткен", – деп жазды Данияр Мейірхан.

Полицейлердің мәлімдеуінше, бұл күдіктінің бірінші ұрлығы емес көрінеді. Оның осыған ұқсас Шымкентте 20, Түркістанда 7, Ордабасы ауданы мен Алматы қаласында үш-үштен және Таразда 10 қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында Паралимпиада чемпионын тонаған ер адам ұсталды

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденген жағдайда күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

6
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, тонаушылық, ұры
Тақырып бойынша
Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды
Ақтауда орын алған дүкенді тонау видеоға түсіп қалды
Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды - видео
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Жалғыз жүрген қыздарды ғана тонаған: Алматыда әккі ұры ұсталды
Далалы аймақтағы өрт

Қызылорда облысында жайылып жүрген 700 қой жанып кетті: шығынды кім өтейтіні белгісіз

67
(Жаңартылды 08:56 23.10.2020)
Қазіргі таңда шығын көлемін арнайы құрылған комиссия есептеп жатыр. Қырылған мал саны арта түсуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында 700 бас асыл тұқымды қой, жайылып жүріп жанып кетті. Тағы бірнеше қозы күйіп қалған. Жаңақорған ауданындағы жағдайды жіті тексеруге арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды "АстанаТВ" арнасы.

Ресми дерек бойынша, "Түгіскен" шаруа қожалығы күріштік алқабын өртеген. Жалын сол жерде жайылып жүрген "Ынтымақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің малына қарай ұшқан. Шопан оттың лезде күшейгенінен қорқып, өзі бас сауғалап қашқанын айтады.

"Малды осы жерге дейін қуып келіп, игере алмай қалдым. Маңайдың бәрін өрт басып кетті да, малды тастап өзім қашып кеттім", – деді шопан Сәбит Әуелбеков.

Серіктестік асыл тұқымды мал басын көбейтумен айналысады. 25 жыл бойы жиғаным күлге айналды деген құрылтайшы, шығынға шаш етектен батқанын жеткізді.

"Аналық бастың кемі алпыс мың теңге ғой. Асыл тұқымды қой. Тоқты бар оның ішінді 500 бас тоқты бар тұғын. Бәрі семіз күйікке түсуге дайын тұрған. 90 мыңнан қошқар әкеліп қосқанбыз, олар да жанып кетті", – дейді "Ынтымақ" ЖШС құрылтайшысы Мейіржан Құтыбаев.

Күріш алқабының қожайындары, жиын-терімнен кейін жерді тазалау мақсатында алқапқа от қойыпты. Олар отар қойдың жайылып жүргенін де көрген. Бірақ мұның соңы бұлай болады деп ойламаған.

"22-23-іне қарай жауын бар деген. Сол үшін біз тез өртеп, зәкке дайындауымыз керек болған. Мысалы анау алтыншы картада от қойған. Мал бірақ мына жақта болған, шығар деп ойлаған. Сол екі арада жел күшейіп кеткен. Әйтпесе, дәл мал жатқан атызға ешкім әдейіліп от қоймаған", – дейді "Түгіскен" шаруа қожалығының төрағасы Ғабит Иасев.

Қазіргі таңда шығын көлемін арнайы құрылған комисссия есептеп жатыр. Күйік шалған төлдердің есебінен қырылған мал саны артуы да мүмкін. Ал оны кім өтейтіні қазірше белгісіз.

"Егер сот шешімі өтелуге тиіс деп қабылдайтын болса, онда бюджеттің арасынан өтеледі. Бұл алдын ала ескертілді. Сол жерде мал жаюға болмайды деген. Өрт қойылады деген хабар да бар. Егер де ескертпей, оның малын алып кетуге мүмкіндік бермей өртеп жіберген болса екінші жақ, бұның бәрін аудандық ішкі істер бөлімі шешеді", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев.

Оқи отырыңыз: Орман өртеніп, 70-тен астам адам тірідей жанып кетті — видео

Қазіргі кезде егіс алқабында мал өлекселерінен тазалау жұмыстары жүргіліп жатыр. Ал олардың арнайы орынға емес, сол маңға көмілуі көпшіліктің көңілінін күпті етіп отыр.

67
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, мал, өрт
Тақырып бойынша
Павлодарда моншаға түсіп жатқан әйел балаларымен бірге тірідей жанып кетті
Нұр-Сұлтан әуежайында көлік жанып кетті – видео
Төрт адам жанып кетті: Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік апаттың мән-жайы
Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті - видео
Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото
Сот, архив

Тоқаев судьялар үшін тағы бір талап енгізуді ұсынды

0
Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет, деп есептейді президент

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Дамыған елдерде бұрын азғантай теріс қылығы болған адамды судья қызметіне алмай қояды, осы тәжірибені қолға алу қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Соңғы жылдары судья қызметіне кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді. Іріктеу тәртібі де өзгерді. Бүгінде мықты заңгерлер, көрнекті ғалымдар және практик құқықтанушылар сот саласында тәжірибесі болмаса да, судья бола алады. Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет", - деді Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде.

Осы орайда мемлекет басшысы шет елдердің тәжірибесі негізінде судьяларға қатысты тағы бір талапты қолға алу қажет деп санайды.

"Судьяның репутациясы мінсіз болуы шарт. Ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жариялы түрде өтуі керек. Дамыған мемлекеттердің көбісі судьяларға өте жоғары талап қояды, тіпті бұрын болған азғантай теріс қылығы үшін осы қызметті бермей қояды. Бұл тәжірибені Қазақстанда қолға алу қажет деп санаймын", - дейді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Жоғарғы сот кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі осы құрылым судьяларды іріктеу шараларына жауап береді. Ал Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясына біраз шаруа атқару қажет. Себебі 60 түлектің ішінде 7-уі ғана судьяның жолын таңдайды. Ал олардың дайындығына бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Тағылымдамадан өткен мамандар еңбекақының 70 процентін алып тұрады.

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев