Әскери борышын өтеп жүрген үшем-сарбаздар

Оралда үшемдер Отан алдындағы борышын өтеп жүр фото

1322
(Жаңартылды 14:10 17.10.2020)
Отан алдындағы борышын өткеріп жүрген ақтаулық үшемдер көктемгі шақыру кезінде әскер қатарына қабылданған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігіне қарасты ұлттық ұлан әскерінің тарихында алғаш рет ағайынды үшемдер Отан алдындағы борышын өткеріп жүр. Олар Орал қаласындағы әскери бөлімде қызмет етуде.

18 жастағы ағайынды Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер көктемгі әскерге шақыру кезінде сарбаздар қатарына қосылған. 

Актауские тройняшки служат в полку Нацгвардии в Уральске
© Photo : Талант Кусайын
Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер

Олар қазақстандық заманауи "Болашақ" академиясы колледжін "Су көлігін пайдалану" мамандығы бойынша бітірген түлектер.

Жігіттер әскери қызметке шақырту алған кезде бір-бірінен бөлмеуді өтінген. Ал әскери комиссариаттағы қызметкерлер олардың мұндай өтінішіне бей-жай қарамапты. Қазір ағайынды Зеккеновтер бір бөлімде қызмет етеді.

"Әскерде қызмет ету біздің балалық арманымыз болды. Отанды қорғау – бұл әрбір азаматтың қасиетті борышы және парызы", – дейді үшемдер.

Бір қызығы, ақтаулық үшемдердің сыртқы түрлері ғана өзара ұқсас емес. Психологиялық тест тапсыру нәтижесіне қарап, Зеккеновтер мінезінің сәйкестігіне психологтар да таңғалады. 

Актауские тройняшки служат в полку Нацгвардии в Уральске
© Photo : Талант Кусайын
Зеккеновтер мінезінің сәйкестігіне психологтар да таңғалады

Ал бауырластардың өздері бұған бұрыннан үйренген. Мектепте бәрінің бағалары бірдей болған. Бір ғана айырмашылық – Ақарыстың бойы ағаларына қарағанда төрт сантиметрге ұзын.

Оқи отырыңыз: Ұйқастырып қоюға тырысады: қазақтар егіздерге қандай ерекше есім таңдайды?

Әскерде жүрген жігіттер дене шынықтыруда бірдей нәтижелер көрсетеді. Өйткені олар әскерге келгенге дейін спортпен белсенді айналысқан. Бекарыс пен Ақарыс "каратэ-до" секциясынан қатысса, Жанарыс – самбо күресінен спорт шеберіне үміткер. 

Актауские тройняшки служат в полку Нацгвардии в Уральске
© Photo : Талант Кусайын
Жігіттердің физикалық жаттығуларды орындауы көңіл көншітеді

Қазір ағайындылар Оралдағы қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет етуде. 

Актауские тройняшки служат в полку Нацгвардии в Уральске
© Photo : Талант Кусайын
Зеккеновтер жоғары заңгерлік білім алып, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуді жоспарлап отыр

Әскерден кейін ағайынды Зеккеновтер туған жері Ақтауға барып, жоғары заңгерлік білім алуды және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Қазақстан егіз Қасымхановтардың өмірі мен қызметі туралы жазған болатын: 23 жастағы Ербол мен Ерлан астаналық полиция бөлімінде учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істейді.

1322
Кілт сөздер:
әскери борыш, егіздер, үшем
Тақырып бойынша
Қостанайда 8 жыл күттірген үшем дүниеге келді
Алматыдағы егіздер өлімі: анасы біреуін тірі қалдыруды сұраған
"Егіз күткен едік" Қостанай облысында жас келіншек үшем туды - видео
Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер көбейді
Шымкентте 12 жыл бойы бір перзентке зар болған келіншек үшем туды
Құбыр жарылысының маңы, архивтегі сурет

Өскеменде жойқын жарылыстан жұрттың зәресі ұшты

28
(Жаңартылды 09:36 22.10.2020)
Қаладағы шағынаудан мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 21 қазан күні түстен кейін жойқын жарылыстың дыбысы екі рет естіліп, тұрғындардың зәресі ұшты, деп хабарлайды YK-news.kz.

"Сағат 17.20 шамасында шыққан екінші жарылыс дыбысынан Қазақстан көшесінде тұрған көліктердің дабылқаққышы іске қосылып кетті. Ал КШТ шағынауданы мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтып жатыр", – делінген ақпаратта.

Жұртты үрейлендірген Өскемендегі жойқын жарылыстар 25-шағын ауданда жоспарланған жұмыстар болып шықты. Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымдар мен кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, жару жұмыстарын "Kaz Explo Servis" ЖШС ұйымдастырған.

Оқи отырыңыз: "Бір көзді баланы ертіп жүрдім": Семей өңірінің тұрғыны полигонның зардабы жайлы айтты

28
Кілт сөздер:
Өскемен, жарылыс
Тақырып бойынша
"Оттан қорықпайтын адам жоқ": өмірін адам құтқаруға арнаған әулетпен сұқбат
Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео 
Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды
Ресейде әскери қоймадағы жарылыстан екі адам жарақат алды
Алматыда көшенің қақ ортасында ыстық су бұрқырап атқылады - видео
Петропавл халықаралық әуежайы

Қазақстанда халықаралық әуежай банкрот деп танылады

47
(Жаңартылды 08:53 22.10.2020)
Қазіргі кезде Петропавл қаласындағы әуежайдан Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Петропавл қаласындағы халықаралық әуежайдың жұмысшылары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа бірнеше айдан бері айлықсыз отырғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды жергілікті "Петропавловск.News" сайты.

Ал әкімдік өкілдері жұмысшылардың қаражаты кезең-кезеңмен төленіп, әуежайдың өзі мемлекет меншігіне қайтарылатынын мәлімдеп отыр.

"Әуежай жақын арада банкроттық процедурадан өтіп, мемлекет меншігіне қабылданады. Бұл өзгеріс әуежайды сақтап қалумен қатар, рейстер санын көбейтуге көмектеседі", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында әуежайдың ұшу-қону жолағы толығымен жаңартылып, жолаушылар терминалы да күрделі жөндеуден өткен болатын. Қайта құрылымдаудан кейін терминал сағатына 200 жолаушыны қабылдай алады деп жоспарланған. Сондай-ақ, әкімдік Ресей мен Қытай және Еуроодақ елдерімен байланыс орнатып, шет мемлекеттермен жаңа әуе қатынастарын ашамыз деп уәде берген.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайы кімге сатылады – министр жауабы

Алайда, жоғарыда аталған жоспардың ешбірі де іске асқан жоқ. Қазіргі кезде Петропавлдан тек Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды.

47
Кілт сөздер:
Петропавл, банкрот, әуежай
Тақырып бойынша
Ақтау әуежайы ресейлік холдингке сатыла ма – ресми жауап
Нұр-Сұлтан әуежайы жаңа ереже жариялады - рейске кімдер кірмеуі мүмкін
Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты
Әуежай кодын NQZ-ке ауыстыру қанша тұрады
Bek Air ұшағының апаты: жолаушыларға көмектескен әуежай қызметкерлері марапатталды