газ баллоны

Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды

2063
42 жастағы үй иесі отбасындағы кикілжіңнен кейін мас күйде суицид жасамақ болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Шымкентте ер адам екі баласын бөлмеге қамап, үйдегі газ баллонын жарып жібермек болған. Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барғанын айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға күндіз сағат 15:45-те болған. Учаскелік полицияның "101" пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтады. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қаупі туындады.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылды. Жағдайдың барлық қауіптілігін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев жедел әрекет етті. Ол өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, газ баллонының кранын жапқан.

Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

"Балалардың жағдайы тексеріліп, медициналық көмек қажет еместігін анықталды. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал үй иесін Еңбекші ауданының полициясы алып кетті", - делінген хабарламада.

2063
Кілт сөздер:
Шымкент
Жасөспірім

Қостанайда педофил қолынан қаза тапқан қыздың ағасы іздестірілуде

0
Қостанай облысы Бағаналы ауылының жиырма жастағы тұрғыны Олег Ганя 15 қазанда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қостанай облысында полицейлер мен еріктілер 15 қазанда үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Олег Ганяны іздестіріп жатыр.

20 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жариялады.

"2000 жылы 23 шілдеде дүниеге келген Олег Ганя Викторович іздестіріліп жатыр. Ол 15 қазанда Бағаналы ауылындағы үйінен Павлов ауылына шығып кеткен. Қостанай қаласында болуы мүмкін", – деп нақтылады еріктілер әлеуметтік желіде.

Олег Ганяның бойы 175 сантиметр, дене бітімі орташа, ақшыл сары шашты, сұр-көк көзді. Үстіне көгілдір түсті камуфляжды костюм киген.

"Оныншы аймақ" пен "Дос" тобының өкілдері іздеу жұмыстарына кірісті. Біз Киев ауылындағы пәтер иелерінің кооперативі аймағынан іздеп жатырмыз. Сол жақтан адамдар хабарласып, көргендерін айтты. Бұл жұмысқа 60-қа жуық ерікті жұмылдырылды. Барлық шара полициямен бірлесіп атқарылуда", – деді Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен қостанайлық еріктілер.

Ал қандай да бір ақпарат беремін деген адамдар 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ, еріктілер Олег Ганя Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін хабарлады.

Еске салайық, 2014 жылы жеті жастағы қыз педофилдің құрбаны болды.

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный-Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Оқи отырыңыз: "Ақылымнан адастым": Рудныйда 7 жасар қызды зорлаған педофил қылмысы туралы айтты

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

0
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, оқиға, педофил
Тақырып бойынша
Павлодар облысында 4 айдан бері жоғалған әскери қызметкер іздестірілуде
Қостанай облысында алты тәулік бойы жоғалған аңшы іздестірілуде
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек Америкада іздестірілуде
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Алматыда ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде
Портфель, архивтегі сурет

Изоляторда отырған атыраулық шенеунік халыққа үндеу жасады 

0
(Жаңартылды 12:56 27.10.2020)
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босату туралы арыз жазғанын және өзіне тағылған айыптардың негізсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның адвокаты Игорь Вранчев өзінің Facebook парақшасында шенеуніктің үндеуін жариялады. Онда Нұрлан Таубаев 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына арыз жазып, өзін бірінші орынбасар қызметінен босатуды сұрағанын айтады. 

"Бірақ бұл шешім тергеліп жатқан іс бойынша менің қандай да бір айыптарды мойындауыма байланысты емес. Мен кінәлі емес екенімді дәлелдеуге мүдделімін. Себебі маған тағылған айыптардың біреуін де жасаған жоқпын", - дейді Таубаев. 

Шенеунік жұмыстан кету туралы арыз жазудың себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, облыс әкімінің бірінші орынбасарына біраз міндет жүктелген. Соның ішінде мәжіліс мен мәслихаттардың сайлауын өткізу шаралары да бар.

"Тергеу кезінде мен бұл жауапты қызметті атқара алмаймын. Сосын әкім мен әріптестерімнің атына күдік көлеңкесі түспесін деп, осындай шешім қабылдадым", - деп атап көрсетті Таубаев. 

Таубаев не үшін ұсталды 

10 қыркүйекте Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктің қамауға алынғанын хабарлады. 

"Ақ Жайық" басылымының мәліметіне сәйкес, Нұрлан Таубаевпен бірге облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров та ұсталған. Шенеуніктер 182 миллион теңге пара алғаны үшін айыпталып отыр. Оларды елордадан Атырауға арнайы барған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкері ұстап алған. 

Ал Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.

0
Кілт сөздер:
үндеу, шенеунік, Атырау
Тақырып бойынша
Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео
Үш жыл бойы ақша жинаған шенеуніктің қылмысы ашылды – видео
Желіде қаскелеңдік шенеуніктің видеосы тарап кетті – әкімдік түсініктемесі