Өңірлер

Қазақстанда халықаралық әуежай банкрот деп танылады

© Sputnik / Елена БережнаяМеждународный аэропорт Петропавловска
Международный аэропорт Петропавловска - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Петропавл қаласындағы әуежайдан Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Петропавл қаласындағы халықаралық әуежайдың жұмысшылары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа бірнеше айдан бері айлықсыз отырғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды жергілікті "Петропавловск.News" сайты.

Ал әкімдік өкілдері жұмысшылардың қаражаты кезең-кезеңмен төленіп, әуежайдың өзі мемлекет меншігіне қайтарылатынын мәлімдеп отыр.

"Әуежай жақын арада банкроттық процедурадан өтіп, мемлекет меншігіне қабылданады. Бұл өзгеріс әуежайды сақтап қалумен қатар, рейстер санын көбейтуге көмектеседі", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында әуежайдың ұшу-қону жолағы толығымен жаңартылып, жолаушылар терминалы да күрделі жөндеуден өткен болатын. Қайта құрылымдаудан кейін терминал сағатына 200 жолаушыны қабылдай алады деп жоспарланған. Сондай-ақ, әкімдік Ресей мен Қытай және Еуроодақ елдерімен байланыс орнатып, шет мемлекеттермен жаңа әуе қатынастарын ашамыз деп уәде берген.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайы кімге сатылады – министр жауабы

Алайда, жоғарыда аталған жоспардың ешбірі де іске асқан жоқ. Қазіргі кезде Петропавлдан тек Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкентке ғана ұшақ қатынайды.

Жаңалықтар
0