Өңірлер

Алматыда журналистер аллеясы пайда болды

© Sputnik / Тимур БатыршинВсего в Алматы планируют высадить 250 тысяч деревьев до конца текущего года
Всего в Алматы планируют высадить 250 тысяч деревьев до конца текущего года - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Алдағы үш жылда қалада миллион түп ағаш отырғызу ойда бар

АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Алматыда журналистер аллеясы пайда болды. Бүгін тілшілер Абай даңғылында Жароков пен Гагарин көшесінің ортасындағы алаңға ағаш отырғызды. Іс-шараны қала әкімдігінің жасыл экономика басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматылық тілшілер қала орталығында 200 түп талшын ағашын отырғызды
Алматыда журналистер аллеясы пайда болды - Sputnik Қазақстан
Алматылық тілшілер қала орталығында 200 түп талшын ағашын отырғызды

Алматылық тілшілер қала орталығына 200 түп талшын ағашын отырғызды. Шараға түрлі баспа және электронды ақпарат агенттіктерінің тілшілері үлес қосты. Sputnik Қазақстан тілшілері де тыс қалмады.

"Көптен бері ағаш отырғызғым келген еді. Бүгін сондай мүмкіндік туды. Оның үстіне аллея қаланың дәл ортасында орналасқан. Бір жылдан кейін бұл жер жайқалып тұрады деп үміттенемін. Сол үшін ағаштарға күтім жасап, суарып отыратын боламын", - деді Sputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог.

© Sputnik / Тимур БатыршинSputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог
Алматыда журналистер аллеясы пайда болды - Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог

Ал жасыл экономика басқармасы не себепті талшын ағашы таңдалғанын түсіндірді. Ең алдымен бұл маңды мамандар зерттеген, жел болатынын ескеріп, таңдау талшын ағашына түскен.

"Сонымен қатар талшын ағашының тамыры тереңге жайылмайды. Ағаштар өскен соң жердің астында орналасқан жүйелерге зиян келтірмейді. Оның үстіне талшын Алматымен тығыз байланысты ағаш болып саналады. Бұл ағаш елу жылдан астам уақыт өмір сүреді, діңгегі де мықты болады, ішінен шірімейді. Ағаш зақымдала бастаса, бірден байқалады. Ондай жағдайда біздің мамандар қажетті шараларды уақытында қабылдайды", - деді басқарма басшысы Наталья Ливинская.

© Sputnik / Тимур БатыршинБұл ағаш елу жылдан астам уақыт өмір сүреді, діңгегі де мықты болады, дейді Наталья Ливинская
Алматыда журналистер аллеясы пайда болды - Sputnik Қазақстан
Бұл ағаш елу жылдан астам уақыт өмір сүреді, діңгегі де мықты болады, дейді Наталья Ливинская

Айта кетейік, Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.

Наталья Ливинскаяның айтуынша, жыл сайын қалада 40 мың көшет отырғызылған. 20 жыл ішінде алғаш рет осынша ағаш егу жоспарланды.

© Sputnik / Тимур БатыршинЕнді журналистер отырғызған ағашқа күтім жасауы қажет
Алматыда журналистер аллеясы пайда болды - Sputnik Қазақстан
Енді журналистер отырғызған ағашқа күтім жасауы қажет

"Ағашты отырғызуға әрбір қала тұрғынының атсалысқаны маңызды. Сол себепті бірқатар іс-шара жоспарланды. Соның бірі – журналистер аллеясы", - деді Наталья Ливинская.

Бұған дейін басқарма басшысы Наталья Ливинская алдағы үш жылда қалада миллион түп ағаш отырғызудың жоспары жасалғанын хабарлады. Ол қарағай, қайың, күл, үйеңкі, талшын, долана, алма, шие, өрік ағашы отырғызылатынын айтты.

Айта кетейік, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында журналистер аллеясы пайда болды.

Жаңалықтар
0