Өңірлер

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бекшин белгіленген талаптарды сақтай отырып діни нысандарды ашуға рұқсат берді. Ол жерде ұжымдық іс-шара өткізуге болмайды

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын қайта бастауға рұқсат берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұжымдық шараларды өткізбей, діни нысандар да жұмысқа кіріседі.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану нысандарында қорқорды пайдалануға, фуд корттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салынды.

"Ойын-сауық, спорттық шаралар, көрме, форум, конференция, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларын, оның ішінде үйде адамдар көп жиналатын басқа да мерекелерді өткізуге тыйым салынған", - делінген қаулыда.  

Сонымен қатар ойын-сауық мекемелері, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық жердегі балаларға арналған ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, букмекерлік кеңселер жұмыс істемейді.

Кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне де рұқсат берілмеді.

Спортшылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға қатыса алмайды.  

Қаланың бас санитар дәрігері белгіленген талаптарды сақтай отырып діни нысандарды (мешіт, шіркеу, собор, синагога) ашуға рұқсат берді. Ол жерде ұжымдық іс-шара өткізуге болмайды.

"Мәдениет нысандарында 30 адамнан аспайтын топтық дайындық жүргізуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, кітапхана, мұражай жұмыс істейді. Сауда және ойын-сауық орталықтары бір келушіге төрт шаршы метр талабын сақтап жұмыс істейді", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар жалпы аумақтың 30%-інен асырмай, бір келушіге төрт шаршы метр талабы бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қалада алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді 

Алдын ала жазылу бойынша 25 адамнан асырмай балалар кабинеттері, түзету орталықтары, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары жұмыс істейді.

Сонымен қатар қызметіне рұқсат берілген моншалар, сауналар эпидемиологиялық талаптарды сақтайды.

Қоғамдық тамақтану орындары демалыс және мереке күндері 7:00-ден 23:00-ге дейін келушілер үшін жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс істейді.

"26 қазаннан бастап кинотеатрлар қызметіне рұқсат беріледі. Кинотеатрлар infokazakhstan.kz порталында тіркелуі тиіс. Маска режимін сатап, келушілер шахмат тәртібімен отырғызылады, әлеуметтік арақашықтық сақталады", - делінген бас санитардың қаулысында.

Сондай-ақ, бес адам спорт кешендерінде бірлесіп топтық жаттығу жасай алады.

Жаңалықтар
0