Өңірлер

БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды

© Photo : pixabay.comЖанып тұрған сіріңке, иллюстративті сурет
Жанып тұрған сіріңке, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он алты жастағы қыз өрт сөндірушілер келгенге дейін екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылында 16 жастағы қыз үш бауырын өртеніп жатқан үйден алып шықты. Балалардың анасы, 37 жастағы әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай 27 қазан сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды. Жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі үй өртенген.

"1983 жылғы үй қожайыны газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Алайда, әйел есін жимастан, ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін әйелдің 16 жастағы қызы екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған.

Тағы оқыңыз: Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды

Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Министрліктің ақпаратынша, тілсіз жау сағат 03.56-да оқшауланып, 04.29-да толық сөндірілді.

ТЖМ тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтар
0