Өңірлер

Шығыс Қазақстанда дауылды жел мектеп шатырының жартысын жұлып кетті

© Sputnik / Макс Ветров / Медиабанкке өтуВетер, архивное фото
Ветер, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің ғимараты жартылай шатырсыз қалды, 90 шаршы метр аумаққа зақым келген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданына қарасты Көкжайық ауылындағы мектептің шатырын жел жартылай ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Ауылда желдің жылдамдығы секундына 17 метрге жеткен.

"Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің шатыры жартылай жұлынып, 90 шаршы метр аумаққа зақым келді. Ғимараттың жалпы ауданы 1 600 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Бұған дейін өңірде дабылды ескерту туралы алдын ала хабар таратылған.

Облыс тұрғындарына көлік құралдарын үлкен ағаштардың астына қоймауға, билбордтар мен басқа да құлауы мүмкін құрылыс нысандарынан, электр бағандарынан сақтануға кеңес берілді.

Сала мамандары азаматтарды төтенше жағдай болғаны туралы 112 нөміріне қоңырау шалып, хабардар етуге үндейді. Өйткені, мұндай әрекет қандай да бір қауіптің немесе қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

Ал Қазгидрометтің хабарлауынша, 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады. Тіпті, кей жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жаңалықтар
0