Өңірлер

Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды – БАҚ  

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВрач
Врач - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

"29 қазанда БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша пара сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрайды", - деп жазды басылым.

Қазір облыстың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар басылым Қаюповқа қатысты тергеу басталғаны жайлы біраздан бері айтылып келе жатқанын жазды. Қыркүйекте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты ешқандай сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатпағаны хабарланған.

"Қадағалау органдары басқармада коронавируспен күрес жөніндегі шараларға бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болатбек Қаюпов күдікке ілініп отырған жоқ", - деп түсіндірген болатын денсаулық сақтау басқармасы.

Ал қазір облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі басшысы жайлы ештеңе білмейтінін хабарлады. Ал Қаюпов орнында болмай шықты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Олар кез келген ақпараттың прокуратурамен келісілгеннен кейін хабарланатынын мәлімдеді.

Бас дәрігер мен басқарма басшысы арасындағы жанжал

2020 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова облыс әкіміне коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қосымша стационарлар құру туралы ұсыныс жасаған. Дәл осы жағдай денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов екеуінің арасындағы жанжалға себеп болды. Содан кейін әйел жұмыстан шығу туралы өтініш жазды.

Алайда 24 маусымда дәрігер облыстық денсаулық сақтау басқармасына жұмыстан босату туралы өтінішін қараусыз қалдыру туралы ресми хат жолдаған. Соған қарамастан аурухананың бас дәрігері 29 маусымда жұмыстан босатылды. Содан кейін Надия Ахметова сотқа шағым түсірді.

Сол кезде Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюпов Надия Ахметова екеуінің арасында ешқандай жанжал болмағанын мәлімдеді. Айтуынша, дәрігер өз еркімен жұмыстан кеткен.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері басшысын қорғап, Болатбек Қаюповтан Надия Ахметованы бұрынғы қызметіне қайтаруды сұрады. Ресми өтінішке аурухананың 18 қызметкері қол қойды.

11 қыркүйекте сот Надия Ахметованы қызметіне қайтару туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0