Банкоматта тұрған адам

Көкшетауда ер адам банкоматта қалып қойған жарты миллион теңгені алып кетті

1336
(Жаңартылды 10:41 30.10.2020)
Полиция көп ұзамай ер адамның кім екенін анықтады, қазір процессуалды шешім қабылдау мәселесі шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Көкшетау тұрғыны бөтен адамның банкоматта қалдырып кеткен ақшасын алып, ізін жасырды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көкшетаудың полиция басқармасына 39 жастағы тұрғын арызданған. Ол банкомат арқылы 540 мың теңгені аудармақ болғанын, алайда ақшаны ұяшыққа салғаннан кейін алаңғасарлықпен операцияны аяқтауды ұмытып кеткенін айтты. Банкке келген келесі клиент банкоматта қалып қойған ақшаны алып, қауіпсіздік қызметіне хабар берместен, банктен шығып кеткен.

Тағы оқыңыз: Маман адамдар банкомат арқылы қалай алданып қалатынын айтты

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтады. Ол Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны. Қазір процессуалды шешім қабылдау мәселесі шешіліп жатыр, деп мәлімдеді полициядан.

1336
Кілт сөздер:
миллион теңге, банкомат, Көкшетау
Жандарбек Бекшин

Алматыда карантин күшейтілді Бекшин себебін түсіндірді

10099
(Жаңартылды 14:20 24.07.2021)
Қаулыға медициналық инфрақұрылымға қысымды азайту мақсатында қол қойылды, деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері  

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинді күшейтуге індетті жұқтырғандар санының артуы себеп болғанын мәлімдеді – өткен тәулікте мегаполисте 1080 науқас тіркелді.

"Қаулыға медициналық инфрақұрылымға қысымды азайту мақсатында қол қойылды. Біздің дәрігерлер ауруханаларда 12-14 сағаттан жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай аптап ыстықта болып жатқанын ескеру керек", - деді ол баспасөз конференциясында.

Ол сондай-ақ дәмханалар мен мейрамханалар азық-түлік сатып алып қойғандықтан, кәсіпкерлерге дайындалуға 3 күн (қаулы 23 шілдеде шықты, 26 шілдеде күшіне енеді) берілгенін атап өтті, сондай-ақ олардың экономикалық жағдайы да ескерілуі керек.

Оқи отырыңыз: Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа штамы пайда болғанын хабарлады 

Кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда және бірқатар облыста карантин күшейтілді. Түркістан облысынан басқа барлық өңір мен мегаполистер эпидемиологиялық жағдайдың қызыл аймағына кірді. Бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 74 адам қайтыс болды, 6,5 мыңнан астам науқас тіркелді. Билік жағдайдың өте қиын екенін мәлімдеп, халықты мүмкіндігінше тезірек вакцина салдыруға шақырды.

10099
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, карантин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Архивтегі фото

Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

790
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Оралда сот педофил әкеге кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 13 жастағы өгей қызына азғындық жасаған 34 жастағы жігіт 20 жылға сотталған болатын. Бірақ сотталушы мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

"Әділ үкім шығарған сотқа алғысымды айтқым келеді. Тергеу ісіне де көңілім толады", - дейді жәбірленуші Самира Дусталиева.

Ал сотталушының анасы үкіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, келіні баласына жала жауып, осының бәрін қасақана ұйымдастырған.

Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен  

"Келінім ұлымның қымбат көлігін сатқаннан түскен ақшаны алғысы келді. Бірақ ұлым ақшаны бермеген соң осының бәрін әдейі ұйымдастырды. Осыған дейін өткен сотта ол күйе жағып, жеңіп шықты. Сот үкімімен келіспеймін, қажет болса Жоғары сотқа да барамын", - дейді сотталушының анасы Айсұлу Аймағамбетова.

790
Кілт сөздер:
Орал, педофил
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
11 жасар қыз педофилден қашып құтылды – видео
"Көршілер педофилді ұстады": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
7 жасында зорланған қыздың анасы Тоқаевқа хат жазды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

0
Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз", – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыз: "Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Үндістанның орталығындағы Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

84 мыңнан астам адам штатттың оңтүстігіндегі Пуна округінде қауіпсіз аймаққа орналастырылды.

Үнді метеорология бюросы Махараштра штатының әкімшілік орталығы Мумбаидағы нөсер жауынға байланысты дабылдың қызыл деңгейін жариялады. Табиғи апат салдарынан қала тұрғындарын жарық және сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады.

0
Кілт сөздер:
көңіл айту, Үндістан, Қасым-Жомарт Тоқаев