Өңірлер

Екінші кезеңге дайындық: Алматы облысына 180 жедел жәрдем көлігі жеткізілді

© Photo : пресс-служба акима Алматинской областиКареты скорой помощи в Талдыкоргане
Кареты скорой помощи в Талдыкоргане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов медицина қызметкерлеріне жаңа жедел жәрдем көлігін табыстады. Барлық көлік заманауи талаптарға сай жабдықталған

АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Талдықорғанда медицина қызметкерлеріне заманауи талаптарға сай жабдықталған 192 арнайы автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңірге 12 жылжымалы медициналық кешен, сондай-ақ 180 жедел жәрдем көлігі жеткізілді. Жаңа техниканың келуіне байланысты дәрігерлердің көлігі 80%-ке жаңарды.

© Photo : пресс-служба акима Алматинской областиАлматы облысына 180 жедел жәрдем көлігі мен жылжымалы медициналық кешендер жеткізілді
Екінші кезеңге дайындық: Алматы облысына 180 жедел жәрдем көлігі жеткізілді - Sputnik Қазақстан
Алматы облысына 180 жедел жәрдем көлігі мен жылжымалы медициналық кешендер жеткізілді

"Өңірде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Пандемия басталған кезде вируспен алғаш бетпе-бет келу қиын болды. Ең алдымен не істеу керек екенін, қалай емдеу қажет екенін білмедік. Алайда қазір инфекцияның екінші кезеңіне дайындық барысында бұған дейін жіберілген қателіктер ескерілді", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Алматы облысына пандемиямен күреске 13 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 8,8 миллиарды коронавирустың екінші кезеңіне дайындыққа бағытталған. Талдықорғанда 200 науқасқа арналған жаңа аурухана салынды, ПТР зерттеу саны артты. Облыстағы 13 аурухана оттегі станцияларымен қамтамасыз етілді. Жылжымалы шағын емханалар түріндегі арнайы автокөліктер сатып алынды.

© Photo : пресс-служба акима Алматинской областиЖедел жәрдем көлігінің іші
Екінші кезеңге дайындық: Алматы облысына 180 жедел жәрдем көлігі жеткізілді - Sputnik Қазақстан
Жедел жәрдем көлігінің іші

"Арнайы жылжымалы көліктің арқасында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алады. Әрбір жедел жәрдем көлігі қазіргі талаптарға сай жабдықталған, оның ішінде жасанды тыныс алу аппараты да бар", - деп толықтырды Баталов.

Жылжымалы медициналық кешендер ішінде жалпы қабылдау, акушер-гинеколог, сәулелі диагностика, жалпы тәжірибелік дәрігер аймағы, дәріхана, талдау қабылдайтын аймақ, УДЗ кабинеті бар. Сонымен қатар арнайы автокөлікте флюорография мен рентген түсіруге болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін пандус-лифт қарастырылған.

Жаңалықтар
0