Өңірлер

Тәулігіне үш рейс: 1 желтоқсаннан Түркістанға ұшақ қатынай бастайды

© Photo : РСК АлматыСамолет FlyArystan в аэропорту Алматы
Самолет FlyArystan в аэропорту Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отандық әуекомпаниялар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығына ұшуды күн сайын жүзеге асырады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазақстандық авиакомпаниялар 1 желтоқсаннан бастап Түркістанға Алматы мен Нұр-Сұлтаннан рейстер жасай бастайды, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Бастапқы кезеңде елорда мен Алматыдан Түркістанға күнделікті рейстер жасау жоспарланып отыр. Рейстерді қазақстандық Fly Arystan, SCAT және Qazaq Air авиакомпаниясы орындайды.

Ал Fly Arystan бүгіннен бастап жоғарыда аталған бағыттар бойынша әуе билеттерін сата бастады. Нұр-Сұлтаннан Түркістанға дейінгі баға 6 999 теңге болса, Алматы мен Түркістан арасында 5 999 теңгеден басталады.

Оқи отырыңыз: Рекордтық мерзімде құрылысы аяқталған Түркістан әуежайында шу шықты

Айта кетейік, қыркүйек айының соңында Түркістан қаласында жаңа әуежай ашылды. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін салған алғашқы әуежай болып табылады.

Жаңалықтар
0