Өңірлер

Павлодарлық полиция қылмыскерді көршілерінің арқасында тапты

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл бап бойынша ұсталған адамның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады

ПАВЛОДАР, 7 қараша - Sputnik. Павлодар облысы полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды өз пәтерінде есірткі заттарын жасағаны үшін ұстады, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, көршілері күдіктінің үстінен шағым түсірген. Өйткені пәтерден үнемі химиялық иіс шығып, айғай-шу естіліп тұрған.

"Есірткі қылмысымен күрес жөніндегі қызметкерлер прокуратурамен өзара әрекеттесе отырып, аталған факт бойынша жедел-іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде 35 жастағы павлодарлық азамат ұсталды", - деді брифингте полиция подполковнигі Нұржан Байбуринов.

Ер адам есірткі жасап, сатты деген күдікпен қамауға алынды.

"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабына сәйкес (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын сату, жіберу мақсатында оларды заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция. 

Бұл бап бойынша ұсталған адамның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Жаңалықтар
0