Өңірлер

Алты жасар қызына зорлық-зомбылық көрсеткен Байқоңыр тұрғынына сот үкімі шықты

© Photo : Fotolia/VkaraПлачущая девочка
Плачущая девочка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Прокурорлардың айтуынша, сот процесінде қыздың анасы ер адамды жауапкершіліктен босатуға тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 11 Қараша – Sputnik. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің алты жасар қызына зорлық-зомбылық көрсеткен Байқоңыр қаласының тұрғынына үкім шығарды.

"Қылмыс көпшіліктің наразылығын тудырды. Тергеу әрекеттерін Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдары жүргізді", – деді Байқоңыр қаласындағы Қазақстан прокуратурасы.

Прокурорлардың айтуынша, сот процесінде қыздың анасы ер адамды жауапкершіліктен босатуға тырысқан.

"Қылмыс болған кезде ерлі-зайыптылар ажырасып кеткеніне және айыпталушы қылмыс орнында қамауға алынғанына қарамастан, сот процесі кезінде жәбірленушінің анасы өзінің алғашқы айғақтарын толығымен өзгерткен. Ол ер адамды жауапкершіліктен босатуға тырысты", – делінген қадағалаушы орган хабарламасында.

Сот ісі бір жылға созылды.

"Сот отырысында дәлелдерді ұсыну мен куәгерлерді шақыру және тараптардың көптеген өтініштері мұқият қаралғандықтан, процесс бір жылға созылды", – деп атап өтті Байқоңыр прокуратурасы.

Оқи отырыңыз: "Кастрация жасалғанда қатты қиналдым": педофил журналистермен сөйлесті

Байқоңыр тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді. Үкім жақын күндері заңды күшіне енді.

Жаңалықтар
0