Өңірлер

Петропавлда жол апатының алдын алған автобус электр бағанын құлатты – видео

© Photo : скрин видеоАвтобус врезался в столб
Автобус врезался в столб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлердің айтуынша, апаттық жағдай тудырғаны үшін өзге автобус жүргізушісіне екі хаттама толтырылған

НҰР-СҰЛТАН,  14 қараша – Sputnik. Петропавлда шағын автобус қарсы бағытта келе жатқан қоғамдық көлікпен соқтығысудан қашып, электр бағанын құлатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Жол апаты Украина көшесінде болған.

"№7 бағыттағы MAN 202 маршруттық автобусының жүргізушісі қарсы жолаққа шығу арқылы Shaolin маркалы №4 бағыттағы автобустың апатқа ұшырауына себеп болды. Нәтижесінде Shaolin автобусы электр бағанын соғып, құлатты", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полицейлердің түсіндіруінше, жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушылар тарапынан медициналық көмекке қатысты ешқандай шағым түспеген.

Ал Shaolin автобусына механикалық зақым келген.

"№7 бағыттағы автобус жүргізушісіне Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы 1-бөлігі (көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіретін жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу) және 611-бабының 2-бөлігі (жүргізушінің осыған байланысты міндеттемелерді орындамауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деп түсіндірді полиция өкілдері.

Оқи отырыңыз: Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото

Айта кетейік, ағымдағы жылдың он айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 159 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 30 адам қайтыс болып, 206 адам жарақат алды.

Жаңалықтар
0