Өңірлер

Қазақстанда ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендейді

© Sputnik / Абзал КалиевМорозная погода в Нур-Султане
Морозная погода в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Елдің оңтүстігінде – көктайғақ, ал солтүстігінде бұрқасын болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қазгидромет мамандарының мәлімдеуінше, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа-райы күрт суытады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Негізгі өзегі Самараның үстінде орналасқан солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның ауа-райына кері әсерін тигізеді.

"Кей жерлерде қар жауады делінгенімен, оның басымдығы оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда байқалады. Антициклон әсерінен түнде ауа температурасының төмендеуі солтүстік облыстарда 18-26 градусқа, ал оңтүстік облыстарда 5-15 градусқа дейін жетеді", – дейді метеорологтар.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Елдің оңтүстігінде – көктайғақ, ал солтүстігінде бұрқасын болады.

Мегаполистердегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда түнде минус 15-17 градус, күндіз 10-12 градус аяз күтіледі.
  • Алматыда түнде минус 5-7, күндіз 2-4 градус.
  • Шымкентте түнде минус 5-7 градус, күндіз 1-3 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктердің болжамы

Жаңалықтар
0