Өңірлер

Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневЕлордадағы ауа райы
Елордадағы ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ертең, он жетінші қарашада, республиканың кей өңірлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, бұрқасын соғады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қазгидромет Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, 17 қарашада Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады деп күтілуде.

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Актау қаласында да шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Қыс жақындады: астана мен Алматыда қар түсті – видео

Алматы облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Желдің бағыты батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 15-20 м/с дейін күшейеді. Талдықорған қаласында түнде көктайғақ болады.

17-19 қараша күндері Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, тіпті 25 м/с дейін баруы мүмкін. Таразда оқта-текте тұман түседі, көктайғақ болады.

Жаңалықтар
0