Планшет ұстаған бала

Алматы облысында оқушылар тауға шығып сабақ оқып жүр

45
(Жаңартылды 11:23 20.11.2020)
Бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік тиісті органдарға хат жазған, алайда балаларға тағы да күте тұруға тура келеді

АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. Алматы облысы Биғаш ауылында ондаған оқушы білім алу үшін тауға шығуға мәжбүр. Ауыл Талдықорған қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан, соған қарамастан бұл жерде байланыс пен интернет жоқ, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ата-аналар баласының денсаулығына алаңдаулы, себебі тауда суық және күн де ерте батады.

"Көрші ауылда интернет бар, ал бізде жоқ. Балаларға тапсырма парақ нұсқасында беріледі, бірақ олар тауға барып қосымша тапсырмаларды орындайды. Жаз кезінде бұған көзді жұма қарауға болады, бірақ қазір қыс түскелі қорқынышты. Қанша уақыттан бері интернет қосуды сұрап келе жатырмыз, алайда әлі нәтиже жоқ", – дейді Биғаш ауылының тұрғыны.

Журналистер ауылда не себепті интернеттің жоқ екенін және оның қашан пайда болатынын жергілікті билік өкілдерінен сұрады. Алматы облысы Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылдық округінің әкімі Елдос Алпыспаевтың айтуынша, ауылда интернет бар, бірақ ол баяу жұмыс істейді.

"Осы маңнан үш шақырым жерде орналасқан тағы бір ауылда интернет бар. Ал бұл ауыл таулы жерде орналасқан. Ол жерде желі нашар ұстайды. Ал басқа ауылда балалар 4G-ді қолданып отыр", – деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз: "Қас қарайғанша тауда отырамын": қашықтан оқып жүрген студенттің әңгімесі

Алпысбаевтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік тиісті органдарға хат жазған. Енді жыл соңына дейін немесе келесі жылдың бірінші тоқсанында мәселе шешіледі.

45
Кілт сөздер:
оқушылар, Алматы облысы, интернет
Тақырып бойынша
ШҚО-да барлық мектеп онлайн оқыту форматына ауыстырылды
Оқу жылы басталғалы 800-ден аса қазақстандық оқушы вирус жұқтырды
Денсаулық министрлігі екінші тоқсандағы оқуға қатысты ақпарат таратты
Министрлік ауылдағы интернет мәселесін шешудің жолын тапты
Министр Аймағамбетов білім саласында тағы бір өзгеріс болатынын айтты
Балалар, архивтегі фото

Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті

142
Қаза болған балалар 5 және 6 жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ересектердің қарауынсыз жүрген екі бала суға батып кетті. Бұл туралы жергілікті "Мой Город" басылымы хабарлады.

Қайғылы жағдай 12 мамыр түнде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар түнгі 22:29-да түскен. 5 және 6 жастағы екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Оқи отырыңыз: Семей тұрғыны Ертіс өзеніне құлап кетті

Оқиға орнына құтқарушылар келгенше ауыл тұрғындары бес жастағы баланың денесін судан шығарып алған. Түнгі он екі шамасында құтқарушылар жағадан үш метр, тереңдігі 7 метр жерден екінші баланың денесін алып шықты, ол 6 жаста болған.

Екеуінің ересектердің қарауынсыз жүргені, суға киімсіз түскені анықталды. Соған байланысты төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

142
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, суға батты, су, балалар
Тақырып бойынша
Атырау полициясы суға батып жатқан жасөспірімдер қалай құтқарылғанын көрсетті – видео
Нұр-Сұлтанда 21 жастағы қыз бассейнге батып кетті
Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті
Балаларды құтқармақ болған: Есіл ауданында селфидің соңы қайғылы аяқталды
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Сұлулық салонында маска киген әйел

Оралда шашын салонда боятқан әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

60
(Жаңартылды 11:03 13.05.2021)
Әйел оған бояу жақпастан бұрын сынама жасалмағанын, өзін жаман сезінгенде қызметкерлер жедел жәрдем шақырмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Оралда әйел сұлулық салонында шашын боятқаннан кейін жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер анафилаксиялық шок болғанын айтады, деп хабарлайды Мой город порталы.

38 жастағы Зүлфия Длимбетова 10 мамыр күні Zama салонына модель ретінде шаш боятуға барады. Бояуды маманның бақылауымен стажер жасап, клиент тек пайдаланылған материал үшін ақы төлеуі керек болған. Әйел дәл осы салонға бірінші рет келгенін айтты.

"Мен қаланың әр түрлі салондарында шашымды боятатынмын, алайда ол жерлерде талапқа сәйкес сынама жүргізетін. Zаmа салонында Супру оксидантын араластырды да, екі стажер шашымды бояды. Қасымызда отырған маман бақылап отырды. Осы арада тағы бір клиент келіп, ол шаш қиюға кетіп қалды. Сондай-ақ ол жерде басқа бір клиенттің шашын қиып жатқан салон иесі де бар еді", - дейді жәбірленуші.

Зүлфия оксидантты қолданғаннан кейін 20 минуттан соң оның алақаны мен беті қатты қыши бастағанын, кейін бүкіл денесінде қышу пайда болғанын жеткізді. Осы арада ол стажерден бояуды жуып тастап, маманды шақыруды өтінеді.

Алайда Оксана есімді шебердің "Бәрінде болады, 20 минут күтсін, кейін жуып тастаймыз", - дегенін еске алады Зүлфия.   

15 минуттан кейін әйелге ауа жетпей, тұншығып, құлап түскен. Осы кезде стажер жедел жәрдем шақыруға талпынғанмен салондағылар тыйым салды.

Салонның иесі Хадиша есімді әйел өзінің дәрігеріне хабарласып кеңес алады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы шаштаразда болған атышулы оқиға: полиция түсініктеме берді

"Дәрігермен сөйлескеннен кейін олар маған валерьянка беруге тырысты, бірақ менің тіпті су жұтуға әлім болмады, ісініп кеттім. Тырнақтарыма дейін көгеріп кетті", - дейді зардап шеккен әйел.

Кейін жедел жәрдем келіп, әйелді ауруханаға алып кеткен. Квинке ісігі мен анафилаксиялық шок диагнозы қойылды. Зүлфия бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқанын, дәрігерлердің көмегімен аман қалғанын алға тартты.  

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында оған салоннан ешкім қоңырау шалмаған, кешірім де сұрамаған.

Осы оқиғадан кейін ағасы салон иесінен жарты миллион көлемінде шығын өтеуін сұраған. Салон иесі саудаласып, маусымға дейін 300 мың теңге ғана беретінін айтқан.

"Маған бұл ақша керек емес, заңға сәйкес әрекет етемін. Егер мен өліп кетсем, 500 мың теңге менің кәмелетке толмаған үш баламды құтқара алмас еді", - деп баса айтты Зүлфия.

Әйелдің айтуынша, салондағылар бұл оқиғаны жарияламауды өтінген. Салон иесі тіпті оны және ағасын алаяқтар деп айыптап, олардың ақша бопсалаумен айналысатынын айтқан.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің анафилаксиялық шок диагнозымен қалалық көпсалалы ауруханаға түскенін растады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.

60
Кілт сөздер:
Орал, шаш бояуы, шаштараз, сұлулық