Өңірлер

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар ма – әкім жауап берді

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиТеплица, овощеводство, иллюстративное фото
Теплица, овощеводство, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрымовтың айтуынша, Маңғыстау өңірінде жыл басында 27 гектар жылыжай болса, қазірге дейін 34 гектар жылыжай іске қосылған

АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар ма деген сауалға жауап берді.

"Табиғи ерекшелікке байланысты Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығана, егінге, шөптің өсуіне байланысты біраз мәселе бар. Дегенмен кейінгі кезде өңірде мал басының өсуі байқалады. Түйе, жылқы, қойдың саны өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ке өскен. Қазір 660 мыңдай мал басы бар", – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі шаруашылыққа бағытталған жерлерді игеру мақсатында жоспар бар екенін айтты.

"Бізде 16,5 миллион гектар жер бар, оның 12 миллионы ауыл шаруашылығы бағытына арналған. Ал қазір оның 3 миллионын ғана азаматтар пайдаланып отыр. Үстірт бағытындағы жерлерді игеру, ол жерде шаруашылықты дамытуға байланысты жоспар жасадық. Ол жерде құдық қазуға мүмкіндік бар. Мысалы, қазылған құдық шығынының 80%-ін республикалық бюджеттен субсидия арқылы өтеп, шаруаларға көмектесеміз", – деді Тұрымов.

Сонымен қатар облыс әкімі ауыл шаруашылығымен қатар егін егу мәселесіне де назар аударылып жатқанын хабарлады.

"Маңғыстау облысында ашық жерге егін егу мәселесі бар. Сондықтан жылыжайларды көбейтеміз. Жылдың басында 27 гектар жылыжай болса, жылдың соңында 34 гектар жылыжай іске қосылды", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау әкімі Бозжыра шатқалында қонақ үй салуға қатысты ойын айтты

Айтуынша, келешекте осы бағыт бойынша ішкі өнімді өндіруге басымдық беріледі. Сол арқылы бағаны да реттеу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0