Өңірлер

Қарағандыда президент айналысқан спорт түрінің жаңа орталығы ашылды

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев посетил ряд спортивных объектов Караганды
Токаев посетил ряд спортивных объектов Караганды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды қаласында үстел теннисі орталығы пайдалануға беріліп, спорт нысанын мемлекет басшысы аралып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласына жасаған сапар аясында жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

© Официальный сайт Президента КазахстанаМемлекет басшысы орталықта жаттығатын спортшыларға сәттілік тіледі.
Қарағандыда президент айналысқан спорт түрінің жаңа орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы орталықта жаттығатын спортшыларға сәттілік тіледі.

Бір қызығы, Тоқаев үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған және ол мектеп қабырғасында осы спорт түрінен КСРО спорт шеберіне үміткер болған.

"Жаңадан ашылған спорт нысанында 18 үстелге арналған ойын залы, 9 теннис үстелі орналасқан жаттығу залы, медицина және массаж кабинеттері, жаттығу залы, әкімшілік ғимараты, төрешілер мен бапкерлердің бөлмелері, мәжіліс залы мен VIP-орындар бар", – делінген хабарламада.

Заманауи үстел теннисі орталығының ашылуы оқу-жаттығу жұмыстарын сапалы өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл орталықта күніне 400 адам үстел теннисін ойнай алады.

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты.
Қарағандыда президент айналысқан спорт түрінің жаңа орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты.

Президент аталған орталықтың салауатты өмір салтын насихаттауға, аймақтағы үстел теннисімен шұғылданатын адамдардың қатарын арттыруға және оны дамытуға зор ықпал етеді деп сенім білдірді.

"Бұл тек жаттығып қана қоймай, халықаралық жарыс өткізуге барлық жағдай жасалған әдемі орталық екен", – деді Тоқаев.

Өз кезегінде мемлекет басшысы үстел теннисінің президенті Данияр Әбілғазинге, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке, Қазақстан үстел теннисі құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиеваға алғыс айтты.

"Болашақта үлкен жеңіске жетесіздер деп үміттенемін. Көп жаттықсаңыздар, жетістік те мол болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдерге қарата айтқан сөзінде.

Айта кетейік, орталық құрылысына үстел теннисі федерациясы 1 миллиард 950 миллион теңге қаржы жұмсаған.

Биыл Қарағанды облысында 85 спорт нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ата-аналарды шыдамдылық танытуға шақырды

Жаңалықтар
0