Өңірлер

Дауға қалған Семей полициясының бастығы қандай жағдайда қызметінен кететінін айтты

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мақсат Зекенов ешқандай дәлелсіз жазылған анонимді хаттар үшін емес, тұрғындар өтініш жасаған жағдайда жұмыстан кететінін атап өтті

АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Қарамағындағылардан ірі көлемде ақша бопсалады деп айыпталған Семей қаласы полициясының бастығы Мақсат Зекенов өзіне жала жабылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Ол соңғы апталарда мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан анонимді хабарламалардың кесірінен өзінің және қызметкерлерінің өмірінде жайсыз оқиғалар болып жатқанын атап өтті.

"Бұл арандатушылық, себебі мұндай хабарламалардың заңды күші жоқ. Мені қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптауына байланысты мән-жайды анықтау шаралары жүріп жатқанда, қылмыстық процестің маңызды қағидаларының бірі – кінәсіздік презумпциясына жүгінгім келеді", - деп жазды Facebook парақшасында Зекенов.  

Ол Қазақстан Конституциясының 77-бабын алға тартты. Заңның бұл бабына сәйкес, адамның кінәлі екендігі туралы сот үкімі шыққанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Оқи отырыңыз: Даниал Ахметов Семейдің бас полицейіне қатысты жанжал туралы айтты 

"Үкім шығарар алдында дәлелдемелер тексерілетін, тараптар мен куәгерлерден жауап алынатын, сарапшылардың қорытындылары тыңдалатын, заттай дәлелдемелер, хаттамалар және басқа да құжаттар ұсынылатын процесс өтуі керек", - деді ол.

Сондай-ақ, егер Семей қаласының тұрғындары Зекеновтің бұл қызметті жалғастырғанын қаламаса, ол полиция бастығы қызметінен кетуге дайын екенін айтты.

"Бірақ мен бұл қадамды ешқандай дәлелсіз жазылған анонимді хаттар үшін емес, тек тұрғындардың өтініші бойынша жасаймын. Құқық қорғау органдарында жұмыс істей беремін бе немесе зейнетке шығамын ба, оны ішкі істер жүйесі шешеді", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей полициясының басшысы әлеуметтік желідегі шағымнан кейін қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты.

Ал оның алдында Facebook қолданушысы Ермек Нарымбай Семей полиция басқармасының басшысы Мақсат Зекенов қарамағындағылардан ірі көлемдегі ақша бопсалаумен айналысатынын жазған болатын.

Жаңалықтар
0