Өңірлер

Алматы тұрғыны жұмысшылардың заңсыз әрекетін видеоға түсіріп алды

© Sputnik / Абзал КалиевДеревья в снегу
Деревья в снегу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
KFC мейрамханасы аумағында төрт ағашты заңсыз кескендерге айыппұл салынып, 40 түп ағаш егуге міндеттелді

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті мен жасыл экономика басқармасының қызметкерлері KFC компаниясының тамақтану орны орналасқан учаске иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жерде бір күн бұрын төрт ағаш заңсыз кесілген.

KFC тамақтану желісі ғимаратының жанында жұмысшылар ағаштарды кесіп жатқаны жайлы видеоны қазақстандық журналист, қоғам қайраткері Сергей Пономарев Facebook парақшасында жариялады.

"Алматылықтар "Sulpak" кеңсесінің алдындағы жарты ғасыр бойы өскен емен мен қарағаштарды кімнің кескенін анықтап жатқанда, биік дуалдың артында Тимирязев көшесі Көктем-2 шағын ауданындағы KFC Kazakhstan мейрамханасының жеке аумағында тыныш қана төрт қарағашты кесіп тастады. Ағашты кескендер өздерінің мегаполисте тұратынын және жақын маңдағы үй тұрғындарының немқұрайлы қарамай, видеоға түсіретінін ескермепті", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда ағаш кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды   

Алматының жасыл экономика басқармасы да, жақын маңдағы учаскелік пункт те ағаштарды кесу туралы ештеңе білмегені анықталды. Видео әлеуметтік желі арқылы тарай бастағаннан кейін ғана әрекет еткен.

Тексеріс нәтижесінде учаске иесі ағаштарды кесуге ешқандай рұқсат алмағаны  белгілі болды.

"Көктем-2 ықшам ауданы, 2/1 үй (KFC жылдам тамақтану желісі) мекенжайы бойынша қарағай тұқымының төрт ағашын заңсыз кескен. Алматының жасыл экономика басқармасына кесуге өтініш түспеді, яғни ЖЭБ бұған рұқсат берген жоқ", - делінген Алматы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Іс бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабы ("Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу") бойынша жер учаскесінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 15 АЕК – 41 670 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Сонымен қатар өтем ретінде кінәлі азаматқа жалпыға ортақ жерлерге 40 түп ағаш егу міндеттелді.

Жаңалықтар
0