Өңірлер

Ақмола облысында карантин тағы да күшейтілді

© Sputnik / Елена БережнаяДәрігер карантиндік блокбекетте термометр ұстап тұр
Дәрігер карантиндік блокбекетте термометр ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетау мен Степногорск қалаларын қоспағанда, облыс тұрғындары басқа елді мекендерге еш кедергісіз бара алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері өңір аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, Көкшетау  (Красный Яр, Чайкино, Станционный кенттері) мен Степногорск қалаларының аумағында жүріп-тұру сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін шектелді. Облыстағы қалған елді мекендер үшін шектеу –  23.00-ден 06.00-ге дейін.

Көкшетау мен Степногорск қалаларында азаматтардың карантин аймағынан кіріп-шығуына тыйым салынады.

Бірақ, Көкшетау мен Степногорскті қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға/қалаға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілген.

Тиісті құжаттарды көрсеткен жағдайда, санитарлық бекеттерден мына азаматтарға кедергісіз кіруге және шығуға рұқсат беріледі:  

  • медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;
  • транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;
  • вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көліктер;
  • вирустың таралуының алдын алу шараларына тартылған көліктер мен адамдар, ұйымдар;
  • тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар, көліктер мен адамдар, ұйымдар;
  • Stopcorona.kz сайтында тіркелген, ПТР анықтамасы бар, Ақмола облысында тұрмайтын тамақ өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көліктері мен қызметкерлері;
  • құқық белгілейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, қала сыртындағы үйлеріне баратын облыс тұрғындары;

Сонымен қатар, Көкшетау (Красный Яр, Чайкино, Станционный кенттерінің) және Степногорск қалаларында жұмыс күндері қоғамдық тамақтану орындарына сағат 07.00-ден 20.30-ға дейін, сенбі күні  10.00-ден 20.30-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Ал жексенбі және мереке күндері жабылады, тек 07.00-ден 23.00-ге дейін тамақ жеткізу қызметімен айналысады.

Бұқаралық, отбасылық шараларға, оның ішінде үйде өткізуге сол күйі тыйым салынған.

Жасы 65-тен аспаған адамдарға үйден шықпауға кеңес берілді.

Жаңа қаулы 28 қараша сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0