Өңірлер

Алматыда қалааралық автобус апатқа ұшырады

© Sputnik / СтрингерҚалааралық автобус
Қалааралық автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкенттен Алматыға келген қалааралық жолаушылар автобусы діттеген жеріне жетуге аз қалғанда апатқа ұшырады. Жеңіл көлік автобусқа соқтығысқан

АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші Өтеген батыр көшесімен жүріп келе жатқан, содан кейін Төле бидің қиылысына тоқтап, қарсы беттегі көліктерге жол берген. Осы уақытта солтүстік бағытта жүріп келе жатқан Subaru Legacy автокөлігі автобусқа соқтығысқан.

© Sputnik / СтрингерSubaru автокөлігін эвакуатормен әкетті, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Алматыда қалааралық автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Subaru автокөлігін эвакуатормен әкетті, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Жол апатынан бес адам зардап шекті: Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен сол көлікте болған үш жолаушы, сондай-ақ Шымкенттен Алматыға келе жатқан қалааралық автобус жолаушыларының бірі. Олардың барлығы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлер мен автобус жүргізушісінің айтуынша, Subaru көлігінің жүргізушісі мас болған.

Жаңалықтар
0