Өңірлер

Өтпеген шараға 63 миллион теңге жұмсалды: Сағынтаев себебін түсіндірді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра РКПремьер-министр Казахстана Бакытжан Сагинтаев
Премьер-министр Казахстана Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда астананың туған күніне орай 63 миллион теңгеге шоу ұйымдастыруға қаржы бөлінгені туралы ақпарат тарады

АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Елорда күніне арналған жарық шоуына не себепті 63 миллион теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шоу мен отшашу болған жоқ. Бұл алдын ала жоспарланған және бәрі алдын ала дайындалды. Ешкім пандемия болатынын білген жоқ. Біз қазір бүкіл әлемде, Еуропаның түрлі қалаларында жарық шоулары өтіп жатқанын көріп отырмыз. Пандемия мәңгі жалғаса бермейді. Ал мұндай заттар туристер мен қала тұрғындарының назарын аударады", - дейді Сағынтаев.

Айтуынша, шоуды астана күнінде ғана емес, жыл бойы көптеген мереке қарсаңында көрсету жоспарланған.

"Барлығы істеліп, мердігерге шығындар төленді. Егер біз ол шығындарды төлемесек, ол өз қызметкерлеріне жалақы төлей алмай қалатын еді. Келісімшарт бар, бәрі аяқталғаннан кейін олар өз жұмысын атқарады. Олардың шотына ақша түсті", - деді Алматы әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда астананың туған күніне орай 63 миллион теңгеге шоу ұйымдастыруға қаржы бөлінгені туралы ақпарат тарады. Жаппай шара өткізуге тыйым салынғандықтан, іс-шаралар онлайн түрде өтті. Ал қала күні қарсаңында желіде 3D форматындағы видео тарады.

Жаңалықтар
0