Өңірлер

Банк қызметкері тұрғындар қаржысын қалай иемденгені белгілі болды

© AFP 2024 / Sergei SupinskyАрхивное фото женщины в наручниках
Архивное фото женщины в наручниках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және қаржы ұйымдарында 10 жыл қызмет ете алмайды

АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында банк қызметкері тұрғындардан 75 миллион теңге жымқырған, деп хабарлады Polisia.kz.

Жамбыл облысы Меркі ауданында Алматы қаласының 42 жастағы тумасы банк салымшыларының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Әйел банкте бөлімше директоры болып жұмыс істеген. Сол себепті қолында клиенттердің ақша жинақтары туралы ақпарат болды.

Оқиға 2016 жылы басталған. Бөлімше бастығы қор биржасында қаражат табуға болатынын айтып салымшының сеніміне кірген. Ослайша 100 мың доллар жымқырды. Алаяқ бір айдан кейін тағы хабарласып, 30 мың доллар алған. Әйелдің шотында қаражат қалмағанын түсініп, анасының шотынан ақша алуды ұсынған. Ол шотта 27 миллион теңге болған еді. 

Алған ақшаны алаяқ еселеп қайтаруға уәде берген.

Полицияның хабарлауынша, мұнымен тоқтамаған алаяқ әйел жергілікті кәсіпкердің сеніміне кірді. Өзі үйренген әдіс бойынша 3,5 миллион теңгесін алған. Жақын арада процентпен қайтаруға уәде берген. Кейін ақшаны түбіртек күйінде қайтарды. Әйел кәсіпкерді шотында ақша бар екеніне сендірген. Алайда екі апта өткен соң ер адам шотында қаражат жоқ екенін анықтайды.

Аталған факт қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша тіркелді. Меркі аудандық полициясы әйелдің қылмыс әдісін анықтап, күдіктінің кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен әйел 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және қаржы ұйымдарында 10 жыл қызмет ете алмайды.

Жаңалықтар
0