Өңірлер

Қатты тоңып, ашығып қалған: Түркістан облысында екі бала далада адасып кетті

© Photo : департамент полиции Туркестанской областиДва мальчика нашлись спустя сутки поисков в Туркестанской области
Два мальчика нашлись спустя сутки поисков в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер, сарбаздар мен еріктілер бір тәулікке жуық уақыт іздеу жұмыстарын жүргізді. Балалар шұңқырдан табылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер жоғалып кеткен екі кішкентай баланы тапты.

11 желтоқсан күні әйел Арыс полиция бөліміне хабарласып, ұлдары – сегіз жасар Ақжігіт пен бес жасар Нұржігіт ойнауға кетіп, үйіне оралмағанын айтқан.

Өтініш дереу аудандық полиция бөлімінде тіркелді.  

"Кішкентай балалардың жоғалғанын ескеріп, оқиға орнына Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері келді. Балаларды іздеуге полиция бөлімшесінің жеке құрамы, еріктілер мен сарбаздар да қатысты. Полиция қызметкерлері, сарбаздар мен еріктілер даланың әр сантиметрін қарап шықты", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Далада түнеген: Қостанай облысында жоғалған қыздар дін аман табылды

Жоғалғандарды Арыс аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары тапты. Балалар қой қорасынан он шақырым жердегі қараусыз қалған шұңқырда отырған. Қатты тоңып, ашығып қалған балаларға ас-ауқат беріліп, үйіне қайтарылды.  

Балалардың ата-анасы іздеуге қатысқандардың барлығына алғыс айтты.   

Жаңалықтар
0