НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Түркістанда полицейлер бірнеше рет сотты болған қызылордалық азаматты бейнебақылау камераларының жазбасы арқылы ұстады.
Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз ер адам үйінен ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы арызданған.
"Алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, қиын жағдайға тап болдым деген сылтаумен ақша сұраған. Содан кейін олардың байқамай тұрған сәтін пайдаланып, "Samsung" маркалы ұялы телефоны мен оның құжаттарын ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен", - деп хабарлады Polisia.kz.
Жәбірленушілерге жалпы сомасы 120 мың теңгеден астам шығын келді.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан ҚПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақты, көшелер мен үйлерді аралап шықты, бейнебақылау камераларын тексерді, куәгерлер мен көршілерден жауап алды.
Оқи отырыңыз: Отырар ауданының тұрғыны үйіне ұрлыққа түскен көршісі екенін білді
Учаскелік инспектор күдіктіні түсірген бейнекамералар арқылы бірнеше сағат ішінде оның ізіне түсіп, ұстады. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында күдіктінің Түркістан, Шымкент қалаларында және Қызылорда облысында жасалған 6 алаяқтық пен ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақ зат ретінде алынған телефон мен құжаттар заңды иелеріне қайтарылды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.
"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.
Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды.
Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді
Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне сот үкімі шықты.
Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды Ақ Жайық.
Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.
"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.