Архивтегі фото

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған азғын неліктен арам ойынан айнығанын айтты

7677
(Жаңартылды 08:09 22.12.2020)
Қылмыскер есінен танған әйелді шешіндіріп, зорлауға әрекет еткен. Осы кезде подъезд ішінен дауыс естілген  

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болды деген күдікпен ұсталған ер адам арам ойынан неге айнып қалғанын айтып берді, деп хабарлады КТК.

"Шештім, қалтасын  қарап едім, мың теңге шықты. Шалбарымды шештім. Сол кезде дауысты естіп, есіктен шығып кеттім", - дейді күдікті.

Азғын айтпаса да, оның әрекеті камераға анық түскен. Осы үйдің тұрғыны, 70 жастағы әйел ішке кіргенде артынан бірге кірген азамат оны буындырған. Есінен танып құлаған соң, қалтасын тексеріп, өзі айтқандай мың емес, зейнеткердің 8 мың теңгесін алыпты. Содан кейін ғана есінен танған әйелді шешіндіріп, зорлауға әрекет еткен. Ол есін жиған кезде бірнеше мәрте бетінен ұрғаны да көрініп тұр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте полицей әйелді зорламақ болған ер адаммен селфиге түсті – тексеріс басталды 

Азғын дегеніне жеткен жоқ. Подъезд ішінен дауыс естілген соң ізін суытқан. Қазір зейнеткердің жағдайы жақсы. Ал күдікті уақытша қамау абақтысында отыр.

"Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігінде және 120-баптың 1- бөлігінде көрсетілген тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айру жазасы көзделген", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

7677
Кілт сөздер:
әйел зорлау, Шымкент
Тақырып бойынша
Шымкент полициясы үйдің кіреберісінде әйел зорламақ болған ер адамның кім екенін анықтады
Нұр-Сұлтанда ер адам 25 жастағы қызды зорламақ болды
Зеренді ауылының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды
Шымкентте әйел зорламақ болып жатқан ер адам видеоға түсіп қалды
Шымкентте әйелді кіреберісте зорламақшы болған ер адам ұсталды – видео
Қар, архивтегі сурет

Қар және жаңбыр: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

9
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

9
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Архивтегі сурет

Қазақстанның бес облысында ашқан: полиция ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады видео

1563
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден жеткізу арнасын ұйымдастырған

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті мен ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан оннан астам адамды ұстады.

Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық топтың басшылары шетелде жүр. Алайда бұл оларға Қазақстанның түрлі облысында заңсыз бизнесті жолға қоюға еш кедергі келтірмеген.

"Бұл зертханалардың ұйымдастырушылары Қазақстаннан тыс жерде жүріп, Қазақстан, Ресей, ТМД мен алыс шет елдердің аумағында психотропты заттарды дайындаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрды. Сондай-ақ мессенджерлер арқылы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесін басқарумен және үйлестірумен айналысқан",- деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Айтуынша, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден жеткізу арнасын ұйымдастырған. Оларды  сұйық күйінде, автокөлік майы мен алкогольді ішімдік сияқты көрсетіп, майлы радиаторлар мен өрт сөндіргіштердің ішіне құйып логистикалық фирмалар арқылы тасымалдаған.

Трансұлттық ұйымдасқан топ қатысушыларынан құрғақ және сұйық түрінде 70 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сонымен қатар есірткі дайындауға пайдаланылатын 3,5 тоннадан аса прекурсор алынды.

Трансұлттық ұйымдасқан топты ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 264-бабы 1 және 2-тармақтары негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер, егер кінәсі дәлелденсе, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу жалғасып жатыр.

1563
Кілт сөздер:
видео, полиция, Қарағанды
Тақырып бойынша
ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады – арнайы операцияның видеосы жарияланды
Қызылордада қылмыстық топты ұстау сәтінің видеосы пайдасы болды
ҰҚК "Боратқа" қатысы бар қылмыстық топты ұстады – видео
Арнайы операция: ҰҚК аса қауіпті қылмыстық топты ұстады – видео