Өңірлер

Алматы қонақ үйінде бір жарым жасар қызын өлтірген шетелдік сотталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото мужчины на скамье подсудимых
Архивное фото мужчины на скамье подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қонақ үйлердің бірінде кішкентай қызды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды

АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Алматының InterContinental қонақ үйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірді деп айыпталған Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамед 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Баракат Мохамедке қатысты үкім 22 желтоқсан, сейсенбіде шығарылды.

Сот отырысына төрағалық еткен судья Бақытжан Бәкірбаевтың айтуынша, Баракат Мохамед дәрменсіз күйде болған адамды қасақана өлтірді деп айыпталды.  

"Сот өткен жылдың қазан айында Алматы қонақ үйінде Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамед алкогольді ішімдік ішіп, есірткі тұтынғанын, әйелімен жанжалдасқаннан кейін өзінің бір жасар қызын ұрып-соғып, өлтіріп қойғанын анықтады", - деді судья Бәкірбаев онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Ұлыбритания азаматының кінәсі куәгерлердің – қонақ үй қызметкерлерінің сөзімен расталған.   

"Қорғаушылардың абайсызда адам өлімі болғаны туралы нұсқасы сараптама қорытындысымен жоққа шығарылды", - деп нақтылады судья.  

Нәтижесінде сот Баракатты кінәлі деп тапты. Осыған байланысты оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын өтегеннен кейін шетел азаматы Қазақстаннан шығарылып, бес жылға дейін елге келуге тыйым салады.

10 жыл бұрын әкесін өлтірген: түрмеден шыққан ер адам анасын пышақтап тастады

Еске сала кетейік, қылмыс 2019 жылдың 24 қазанында Алматыдағы бес жұлдызды InterContinental қонақ үйінде жасалды. Сол кезде 42 жастағы Ұлыбритания азаматы өз бөлмесінде әйелімен жанжалдасқаннан кейін бір жарым жасар қызын өлімші етіп сабағаны белгілі болды. Қонақ үй қызметкерлері балаға жан бітіруге тырысқан, бірақ одан нәтиже болмады. Қыз дәрігерлер келгенше көз жұмды.    

Жаңалықтар
0