Өңірлер

Полиция Ақмола облысында қызға әкесі азғындық жасады деген хабарды тексерді

© Photo : Luisella Planeta Leoni Девушка держит мобильный телефон
Девушка держит мобильный телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция әлеуметтік желіде деректердің құпия сақталуын қадағалау үшін қауіпсіздікті арттыруға кеңес берді

АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желіде өзін жасөспірім ретінде таныстырып, атынан хабарлама таратқан, деп жазады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы тұрғын "Одноклассники" әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, кәмелетке толмаған қыз болып басқа қолданушылармен сөйлескен.

Бұл 20 желтоқсанда Ақмола облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне келіп түскен ақпаратты тексеру барысында анықталды.

Бұл хаттарды оқып, облыс тұрғындары дабыл қаққан. Олар өңірдегі танымал блогерден көмек сұраған. Блогер полицияға хабарласты.

Криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірім атынан хат жазған ер адамды анықтады. Ол бірден үш әйелге хабарлама жіберген. Қызға туған әкесі тарапынан жасалған  азғындық жайлы ойдан шығарылған оқиғаларды жазып отырған.

"Әлеуметтік желідегі жалған парақша авторының жеке басы анықталды. Ол жалған парақша ашып, бейтаныс әйелдерге хабарлама жібергенін мойындады. Ал аватардағы фотосуретті интернеттен жүктеген, аты-жөнін де ойдан шығарған", - деп хабарлады полиция.

Іс қылмыстық кодекстің 274-бабы ("көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша Зеренді ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Осыған байланысты полиция әлеуметтік желіде деректердің құпия сақталуын қадағалау үшін қауіпсіздікті арттыруға кеңес берді.

Жаңалықтар
0