Өңірлер

Алматыда мереке қарсаңында қандай нысандар тәулік бойы жұмыс істейді

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елде және әлемде коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін ескере отырып, жаңа қаулы қабылданды

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматыда азық-түлік сататын дүкендер мен отырғызатын орындары жоқ тамақтану орындарына тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, елде және әлемде коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін ескере отырып, жаңа қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес, сауда орталықтары Жаңа жылға дейін және демалыс күндері түнгі сағат 23:00-ге дейін істейді. Ал азық-түлік және басқа тауар сататын базарлар кешкі 17:00-де жабылады. Барлық жерде санитарлық режим қатаң сақталуы шарт.

Сонымен қатар отырғызатын орындары жоқ, стационарлық емес, байланыссыз сауда нысандарының (авто-экспресс, донер, бургер сататын жер), сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін нысандардың (химиялық тазалау, киім жөндеу) қызметіне уақыт жағынан шектеу қойылмаған. Алайда олар тыныштық режимін сақтауы керек.

Мейрамханалар мен дәмханалар түнгі сағат 22:00-ге дейін ашық болады. Ал сауда орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары 23:00-де жабылады. Бірақ ұжымдық жиындарға рұқсат берілмейді. 

Дүкендер қалай жұмыс істейді

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері сауда орындарының 24 сағат жұмыс істеуі жайлы сұраққа жауап берді.

"Жағдайды ескере отырып, ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін ұзартылды. Ал бұған дейін сауда орындары 22.00-ге дейін жұмыс істеді. Бұл өте маңызды мәселе. Сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылды, ал азық-түлік сататын дүкендерге уақыт бойынша шектеу қойылған жоқ. Өздері маркетингі бойынша режимді қарап, салыстырып, жұмыс істейді", - деді Бекшин. 

Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада жаңа жыл қарсаңында сауда орталықтары мен гипермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстыру мәселесі талқыланып жатқанын айтқан болатын. 

"Жаңа жыл қарсаңында адамдар дүкенге ағылады. Әйелдер жағы азық-түлік алады, ер адамдар сыйлық алуға барады. Адамдар көп шоғырланады. Егер тәулік бойы жұмыс істейтін болса, асықпайды, 11-де, 12-де алып кетуге болатынын біледі. Мұның пайдалы жағы да бар. Алматыда бұл талқыланып жатыр", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, қалада пандемия басталғалы 17 790 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, бірінші тамыздан бастап 1 349 пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0