НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері осы өңірде тұратын адамдардың атына заңсыз кредит рәсімдеген алаяқты Шымкент қаласында ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, маусым мен қыркүйек аралығында полицияға Петропавл қаласының бес тұрғыны арызданған. Олар өздерінің атына интернет арқылы заңсыз кредит рәсімделгенін айтты. Ал микроқаржы ұйымдары қарызды қайтаруды талап еткен. Қарыздың жалпы сомасы жарты миллион теңгеге дейін барған.
"Интернет-алаяқты іздеу шаралары полиция қызметкерлерін оңтүстік аймаққа алып келген. Полицейлер осы іске қатысы бар деген күдікпен Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, өз үйінде ұстады. Жауап алу кезінде ол жеке куәліктердің фотосуреттерін интернеттен тапқанын және сол адамдардың атына кредит алғанын мойындады", - дейді тергеушілер.
Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Полиция алаяқтардың торына түспеу үшін бірнеше кеңес беріп отыр. Олар:
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Шымкентте егде тартқан кейуананы туған қыздары мен күйеу баласы сабап тастады. Оған баспана дауы себеп болған.
Өз үйін өзінен қызғанған ет жақындары 71 жастағы әжейді тепкілеп тастаған, деп хабарлады КТК.
"Ержан қатты сүйреді, Мырзабай да жанында жүр. Ол да бір жағынан сүйреді. Мен еңкейіп қалдым. Бір қарасам екі қыз теуіп, ұрып жатыр, анау Нағима еңкейсем шашымды жұлды. Не істеймін мен енді? Төртеуі маған жабылды", - дейді кейуана.
Зіңгіттей күйеу балалары мен қыздары анасының бірнеше жерін жарақаттаған. Қолы қанап, етегі жасқа толған зейнеткерді өзінің тағы бір қызы түсіріп алыпты.
Анасы мен әжесін өлімші етіп сабады: мән-жайды туысы айтып берді - видео
Жеті құрсақ көтерген әжей отағасы қайтыс болған соң даңғарадай үйде жалғыз тұрған. Кейін кенжесі күйеуімен көшіп келген соң, көп ұзамай қызы көз жұмады. Осыдан кейін күйеу баласы басқа бажалары және қыздарымен ақылдасып, қарияны өз үйінен қуып шықпақшы болыпты.
Желтоқсан айында болған жанжалды Еркін Қахаров есімді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Енді бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.
"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.
Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды.
Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді
Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар - Sputnik. Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының бұйрығымен сегіз адам қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Оқи отырыңыз: Тоқаев үкіметтің жаңа мүшелерін тағайындады
Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен:
Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;
Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;
Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;
Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.