Өңірлер

Ақтөбе облысында ауыл әкімі бес жылға сотталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚолына кісен салынған адамдар
Қолына кісен салынған адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жарым ай бұрын Мұғалжар ауданына қарасты ауыл әкімі қаржы жымқырды деген күдікпен, қамауға алынған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аудан әкімі "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ Ақтөбе филиалы аймақтағы шаруа қожалығының иесіне "Құлан" бағдарламасы бойынша жалпы құны 11 840 000 теңгені құрайтын 40 жылқы сатып алуға несие бергені анықталды. Алайда, шаруа қожалығының иесі мұндай көлемдегі қаржыны да, жылқыны да алмаған.

"Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкімі Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Ол қаражатты жымқыру мақсатында жалған құжаттар мен түбіртектерді қолданғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабрламада.

Айта кетейік, қазан айында Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімі алаяқтық әрекеті үшін күдікке ілініп, қамауға алынған болатын.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысының экс-әкіміне сот үкімі шықты

Жаңалықтар
0