Өңірлер

Атырау облысы Теңіз кен орнында инфекцияның өршуіне байланысты "қызыл" аймаққа енді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысы желтоқсан айының ортасынан бері коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шыққан жоқ

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Атырау облысының неліктен коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Атырау облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймақта тұр. Облыстағы науқастардың 60%-і Теңіз кен орнында анықталып отыр. Бұл Теңізге келушілер мен ол маңнан кетіп жатқан адамдар арасында скрининг жүргізілуімен байланысты, яғни сынама саны артып келеді", - деді Есмағамбетова брифингте.

Айтуынша, қыркүйек, қарашамен салыстырғанда, желтоқсанда инфекция жұқтырғандар көбейіп жатыр.

"Сол себепті Теңіз кен орнында қосымша карантин шаралары, тест тапсыру, кіру және шығу бойынша шектеу, вахталық ауылдардың арасында жұмыскерлердің орын ауыстыруына байланысты қосымша шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды", - деді Айжан Есмағамбетова.

Желтоқсанның өзінде аймақта 600-ге жуық адам инфекция жұқтырды. Алайда Теңіздегі жұмысты тоқтату жоспарланып отырған жоқ.

Оқи отырыңыз: Оқушылар арасында инфекция жұқтырғандар саны өсіп жатыр – министрлік 

"Біз Теңізшевройл басшылығымен 25 желтоқсанда бірқатар шара әзірледік. ТШО басшылығы ұсынылған барлық шарамен келісті, оларды жүзеге асырады. Кен орнындағы қызметкерлерден ПЦР-сынама алу, кен орнынан шығардан бес күн бұрын тестілеуден өту, кен орнына кірген кезде міндетті түрде карантинге орналасу жағдайларының саны артып келеді", - деп атап өтті Есмағамбетова.

Айтуынша, өңірде күн сайын эпидемиологиялық ахуал бақыланады.

Жаңалықтар
0